Нуржігіт Алтынбеков
Төс-қабырғалық буындар,
articulationes sternocostales
, төстің қабырғалық тіліктері
мен ІІ-ҮІІ қабырғалардың шеміршектері арқылы түзілген. Буындардың қуыстары
вертикалды орналасқан жіңішке саңылаулар түрінде болады, ІІ және ІІІ буындардың
қуысында
төс-қабырғалық буынішілік байлам, lig. sternocostale intraarticulare,
орналасады. Буындардың қапшығын қабырға шеміршектерінің шеміршектік қабықтары
түзеді. Буындардың алдыңғы және артқы беттерінде жақсы дамыған
төс-қабырғалық
тарамдалған байламдар, ligg. sternocostalia radiate,
жатады. Бұл байламдар төстің
алдыңғы бетінде жақсы дамып –
төс жарғағы, membrana sterni,
деп аталады.
І қабырғаның шеміршегі төспен синхондроз арқылы қосылады. ҮІІІ, ІХ және Х
сүбе қабырғалардың, ал кейде ҮІ және ҮІІ қабырғалардың шеміршектері бір-бірімен
қосылады. Қабырға шеміршектерінің бұл қосылыстары синхондроздар немесе
шеміршекаралық буындар, articulationes interchondrales,
түрінде болады.
Кеуде торының қозғалысы
Кеуде торы тыныс алу кезінде қабырғалардың буындарындағы қозғалыстарға
байланысты өзінің көлемін өзгертіп отырады. Қабырға-омыртқалық екі буында оларға
ортақ білік буындардың орталықтары арқылы өтеді. Бұл үйлесімді екі буында
қабырғалар сыртқа айналғанда олардың алдыңғы шеттері төспен бірге көтеріліп, тыныс
алу кезінде кеуде торының көлемін үлкейтеді. Тыныс шығару кезінде, керісінше,
қабырғалар ішке айналып төс түседі де, кеуде торы кішірейеді. Қабырғалардың төмен
түсуіне бұлшықеттердің жиырылуы ғана емес, қабырға
шеміршектерінің,
жарғақтардың, байламдардың серпімділігі де әсер етеді. Қартаң жастарда қабырға
шеміршектерінің,
қабырғааралық
жарғақтардың,
байламдардың
ізбестенуіне
(кальциноздануына) байланысты олардың серпімділігі азаяды, бұл кеуде торының
қозғалысын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |