Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет15/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

үндесімді
 
(
қазақ тілі

екпінді
 
(
орыс тілі

әуенді
 
(қытай тілі)
 
2.1-
сурет

Әлем тілдерінің просодиялық
белгілерінің моделі
2.1-сурет. Әлем тілдерінің просодикалық белгілерінің моделі


26
Керісінше, сөздік екпін сөз әуезін біркелкі сақтамайды, сондықтан 
да орыс сөзінің құрамында әртүрлі әуезді буындар кездесе береді және 
сөз құрамындағы буындардың екпін қарқыны еш уақытта тең болмайды.
Олай болса, қазақ сөзінің құрамында біркелкі әуезді және айтылым 
қарқыны бірыңғай буындар мен әртүрлі әуезді және екпін қарқыны 
әртүрлі буындардың қоса айтылуы артикуляциялық тұрғыдан мүмкін 
емес. Басқаша айтқанда, сингармонизм мен екпін бір сөздің құрамына 
сыйыспайды: сингармонизм бар жерде екпін болмайды, екпін бар жер-
де сингармонизм болмайды. Ендеше, «қазақ тілінде екпін бар» деген 
ережені жаңсақ қабылданған деп түсіну керек.
3. ҚАЗАҚ СӨЗІНІҢ ДЫБЫС ТАЛДАНЫМЫ (АНАЛИЗІ)
Теориялық негіздеме
Дәстүрлі фонетикамызда алдымен дайын дыбыстардың әліпби 
тізбегі ұсынылады. Мысалы, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар» деп 
нақтылап қояды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі дыбыс саны олардың әліпби 
құрамымен өлшенеді. Сол дыбыстардан буын, буындардан сөз құралып 
жатады (әлеми оқыту әдістемесінде қабылданған әдіс). «Әліппеден» 
бастап жоғарғы оқулықтарға дейін сауат ашу әліпбиден (дыбыстан) 
басталады. Тілі ана сүтімен шыққан адамдар үшін оның еш қиындығы 
болмайды. Өйткені адам алғаш тілі шыққанда жеке дыбыстардың 
айтылымын емес, бүтін сөздердің айтылымын меңгеруден бастайды. 
Сондықтан да айтылым әуезі әртүрлі болса да, сол сөздер құрамындағы 
дыбыстардың түрленім үлгілері өзінен-өзі табиғи айтылып, табиғи 
естіліп жатады. Бұл қазақша таза сөйлейтін адамдарға тән. Олар үшін 
тілде қанша ақиқат дыбыс бар және олардың құрамы мен жүйесі қандай 
деген сұрақ туындамайды.
Алайда теориялық тілтаным (фонетика) мен қолданба лингвистика 
(оның ішінде әдістеме де бар) үшін әліпбидегі дыбыстардың санымен 
шектелу жеткіліксіз. Себебі дыбыстардың әліпби тізбегі тілдегі 
ақиқат дыбыстардың бір тобын ғана қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде 
Т, С
(әліпбидегі атауы – 
ты, сы) 
дауыссыз дыбыстары бар дейміз. 
Ал осы дыбыстар тек 
тыс
сөзінің құрамында ғана кездеседі де, дәл 
сол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет