86
С
дыбысы (4.36-сурет)
С
дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің
шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай
тіл ұшы
дауыссыз
дыбыс болып табылады.
С
дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-
қызыл иек шегарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу
тәсіліне қарай
жинақы жуысыңқы
дауыссыз дыбыс болып табылады.
С
дауыссыз дыбысын айтқанда
дауыс желбезегі тербелмейді, яғни
қатыспайды.
Дауыс қатысына қарай
қатаң
(тербеліссіз) дауыссыз
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері:
тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, қатаң
дауыссыз
дыбыс.
Ш
дыбысы
Ш
дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай
тіл ұшы
дауыссыз
дыбыс
болып табылады.
Ш
дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек
шегарасымен жайылыңқы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне
қарай
жайылыңқы жуысыңқы
дауыссыз дыбыс болып табылады.
Ш
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни
қатыспайды. Дауыс қатысына қарай
қатаң
(тербеліссіз) дауыссыз
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері:
тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, қатаң
дауыссыз дыбыс.
5.36-
сурет. С
ы
және Ш
ы
дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі
4.36-сурет. С
ы
және Ш
ы
дауыссыз
дыбыстарының жасалым моделі
Достарыңызбен бөлісу: