Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет121/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
оқулығынан кейін өріс алғанын 
атап айтуымыз керек. Өткендегі мұ-
раны үстем таптікі деп біржола бас 
тартқан пролеткультшылдықтың не-
месе еңбекші таптан шыққан ақын-
жазушыны, яки бас кейіпкері ке-
дейден шыққан шығарманы ғана 
алу керек деп жүрген тұрпайы со-
циологизмнің ғылыми-зерттеу ісіне 
тоқтау салған кедергісін де бұзып 
берген де С. Сейфуллин болды. Ен-
деше осы 1930 жылдардан бастап 
бертінге дейінгі әдебиет туралы ғы-
лыми-зерттеуді 
маркстік-лениндік 
әдіснама негізіндегі әдебиеттану ғы-
лымы деп атап, оның жеке ғылым 
саласы ретінде туу, қалыптасу жо-
лына қосқан үлесін тарихи тұрғыда 
саралау керек. Өйткені, белгілі бір 
теорияға сүйенген әдіснамасыз ғы-
лым болмайды. Ең керітартпа деп 
есептелінетін мифологиялық тео-
рия ның өзі ғылыми-зерттеушілік ой-
пі кірдің алға басуына өз ықпалын 
тигізді. Дүниені дүр сілкіндірген жаңа 
заман алға тартып, оның идеология-
сы да осы маркстік-лениндік ілімге 
сүйеніп тұрған кезеңде дәуір бұл 
әдіснамамен келісесіз бе, келіспейсіз 
бе оған қарай қойған жоқ. Қоғамдық 
дамудың әлемдік заңдылығын жоқ-
қа шығарған революция дәуірі со-
циализм құру жолында қандай да 
болсын құрбандыққа барудан та-
йынған жоқ. Еуропацентристік көз-
қарасқа сүйенген ұлы державалық 
шовинизмнің отаршылдық саясаты 
жалғаса түсті де, халық тәуелсіздігі 
үшін күреске шыққандар мен боль-
шевиктік қызыл қырғынға қарсы 
тұрғандарды қатыгездікпен жо йып 
жіберді. 1920-1930 жылдардағы хал-
қымыздың тарихында бұндай құр-
бандықтардың аз болмағаны белгілі. 
Сол себептен де ұлт мәдениеті мен 
әдебиеті, ғылымында еңбек сіңірген 
көрнекті тұлғалардың мұрасына бү-
гінгі таңдағы көзқараспен қарау мен 
бағалауда аса сақтықпен, сол дә-
уірдегі замана талабына орай тарихи 
шындықпен келу керек. Сонда ғана 
осы әдіснама талаптарына сай еңбек 
жазған ғалымдар мен әдебиетші-
сыншыларымызды, көркем шығар-
ма әкелген ақын-жазушыларымызды 
орынсыз кінәлаудан аулақ боламыз. 
Әйтпесе, қазіргідей өтпелі кезеңде шет 
жағалатып айтып қалып жүргендей 
олардан бас тартуға дейін апаратын 
«тұрпайы социологизм» секілді өңі 
айналған тағы бір «теориясымақ-
қа» тап боламыз. Тарих – қашанда 
өз шындығымен тарих. Оның даму 
жолында ізденістер мен іркілістер, 
даңғылдар мен бұралаңдардың болуы 
заңды құбылыс. Бұл айтылғандар 
жалғыз С. Сейфуллиннің ғылыми 
еңбектеріне ғана емес, жоғарыда 
сөз етілген мақалаларға және кейі-
ніректе де қарастырылатын зерттеу-
лерге түгелдей қатысты. Бұл со-
нымен қатар, бертінге, яғни қайта 
құру кезеңіне дейінгі, фольклор мен 
әдебиет тарихының, теориясының 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет