Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет133/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Осы кезең әдебиетін таныстырған-
да да ақын-жазушыларды аталған 
екі түрлі бағытқа сай бөле көрсету 
арқылы тұлғасына баға беріп, шы-
ғармашылығының басты сипатын 
танытуға ұмтылады. Мысалы, А. Бай -
тұрсынұлы – «халықшыл ақын, 
жас тардың рухани ұстазы», М. Ду-
лат ұлы – «Мәшһүр Жүсіптің жо-
лын қуған, Абайдың пәлсапалық 
өлеңдеріне еліктеген ақын» болса, 
М. Жұмабайұлы – «өзіндік бағыты 
бар лирик, ойының пәктігі, өлеңнің 
көркемдік деңгейі жағынан өзіне 
дейінгілерден оза туған ақын» деген 
секілді бағалаулары бүгінгі таңдағы 
тұжырымдардан алшақ жатқан жоқ. 
Ең бастысы бұл пікірлердің осы 
ақын-жазушылардың көзі тірісінде-
ақ айтылуында еді.
Бұлардан соң халықшыл бағыт-
тың өкілдері ретінде Ғ. Қарашұлы, 
С. Дөнентайұлы, С. Шорманұлын 
атап, олардың өлеңдеріндегі «таза қа-
зақы рух пен оның өн бойындағы ұлт-
тық ағындардың» басым екенін көрсе-
тіп, С. Торайғырұлы, А. Мәметұлы, 
С. Сейфоллаұлы, Б. Өтетілеуұлылары 
шығармаларындағы «орыстың жалаң 
үлгісін көшірумен» салыстыра оты-
рып, ғылыми тұрғыда пікір білдіреді. 
Ал Шәкәрімді Абай салған дәстүр-
мен танылған ақындар қатарында деп 
түсіндіреді. Бұл осы аталған ақын-
жазушылар 
шығармашылығының 
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікірде ал-
ғаш рет талқыға түсіп, өздеріне тән 
лайықты бағасын алуы екенін ескер-
сек, ұлт әдебиетін тарихи танудағы 
сәтті бір қадам жасалғандығына куә 
боламыз.
С. Садуақасұлы қазіргі әдебиет 
деп атағанда, төңкерістен бергі жаңа 
замандағы әдеби дамудың сипаты-
на шолу жасай кетуді ойластырған 
сияқты. Жаңа танылып келе жатқан 
жас талап ретінде Болғанбайұлы, 
Әлімбекұлы, Қауызжанұлы, Ғаббас-
ұлы, Аймауытұлы, Әуезұлы, Кемең-
герұлы, Тұрғамбайұлы, Жәнібек ұлы-
ларын атап, олардың келешегінен 
үлкен үміт күтетінін айтады. Кейін 
бұл үмітті Ж. Аймауытұлы, Қ. Ке-
меңгерұлы, М. Әуезұлы толық мәнін-
де ақтап шыққаны белгілі.
«С. Садуақасұлының «Қазақ әде-
биеті» еңбегінің қазақ әдебиетта-
нуындағы орнының ерекшелігі – 
оның бұл саладағы орыс тіліндегі 
алғашқы зерттеулердің бірі болуында 
ғана емес, қазақ әдебиетін осындай 
кең ауқымда жанр-жанрға жіктеп 
тұңғыш саралауында», – деп жаза-
ды Д. Қамзабекұлы [40, 54]. «Жанр-
жанрға жіктеп» дегеніне келісе 
қоймасақ та, бұл баға мақаланың 
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірге қосқан үлесін дұрыс көрсетіп 
отыр. Себебі, ұлт әдебиетінің бар-
жоғын зерттеушілік көзқараста без-
бенге салып, бас-аяғын түгелдеп, не-
гізгі бағыттарын айқындауы, Р. Мәр-
секов мақаласынан бері келе жат қан 
әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет