ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дас былай жауап берді: шындықты
жаз. Қазіргі шындық не? Ол –
Кеңестер Одағының қай майданын,
қай ісін алсақ да үлкен күрестер
арқасында барлық қиындықты же-
ңіп үстемдік алып отырған соци-
ализм. Социалдық нағызшылдық
бі реудің ойлап шығарған фантазия-
сы емес, кеңес әдебиетінің қазіргі
өсу бағытындағы шындықтан өсу
бағытындағы шындықтан алынып
отыр» деген түсіндірме жасайды [67,
94]. Социалистік реализм жолымен
жазу үшін сол дәуірдің мазмұнын
түгел түсініп алып, оны шындыққа
сай толық көрсету қажеттігін ашып
береді де, Ғ. Мүсірепов шындықты
жазудың үш түрлі шартын көрсе-
теді. «Бірінші, алған оқиғаның әрбір
бөлегіне дейін түгел шын көрсету-
мен қатар, оқиға тұтасынан нағыз
шындық болып шықсын. Екіншісі,
сурет, көркемдік қатар отырсын.
Үшіншісі, әрбір геройыңның мінезі,
ісі, өзгеруі, қысқасы әрбір адымы өз
жағдайына қарай болады. Геройың
өзгерсе – жағдайының өзгергені. Та-
қырып етіп алған нәрсеңді әрі толық,
әрі көркем түрде көрсет». Міне, осы-
дан бастап жазған қазақ әдебиет тану
ғылымында ғана емес, бүкілодақ тық
әдебиеттану ғылымы жетпіс жыл
бойы теориялық тұрғыда негіздеп
келген және әлемдік әдеби-теориялық
көзқарастан қызғыштай қорғап кел-
ген бұл әдістің қазақ әдебиетіндегі
көрінісін, ұлттық әдеби-теориялық
ой-пікір көп ойланып жатпастан-ақ
сөз етуге кірісті.
Негізінен бұл әдісті проф. Х. Әді-
баев айтқандай, «социалистік реа-
лизмнің теориясы мен практикасын
біздің еліміздегі қоғамдық сана мен
қоғамдық өмірдің өзі туғызды». Жа-
ңа дәуірдегі әдебиеттің көркемдік
әдісі қандай болуы керек деген ой
жазушылар мен әдебиетшілерді
1920 жылдардың бас кезінде-ақ
толғандырған болатын. 1923 жылы
В. Маяковский ендігі жерде негізгі
әдіс «тенденциозный реализм» бо-
луы керек дегенді ұсынған болса,
1924 жылы А. Толстой «монумен-
тальды реализмнің» буржуазиялық
эстетикаға қарсы тұратындығын
дәлелдеуге ұмтылды. 1929 жылы
РАПП-шылдар «пролетарлық ре-
ализм» деген терминді қолданды.
1931 жылы И. Сталин жоғарғы пар-
тия мектебін бітірушілер алдын-
да сөйлеген сөзінде «социалистік
реализм» деген атауды алғаш рет
қолданды да, кеңестік идеология
ғылыми тұрғыда негіздеуге көшті.
«Халықтар көсемі» өзі басқаратын
қоғамға қандай әдебиет қажет бо-
латынын білді. Оған тек азусыз, құс
таңдай, қызыл иек әдебиет керек
еді. Жазушылар қаламында қандай
ұлы құдірет жатқанын сезді де, олар-
ды әрдайым ауыздықтап ұстауға,
қажет бола қалса, өз жыршысына
айналдыруға күш салды». Өйткені,
1920 жылдардың соңы мен 1930
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
249
Достарыңызбен бөлісу: |