Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет267/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
(«Әдебиет және искусство», 1945, 
№4, 1948, №10) сияқты зерттеу 
мақалалары шоқантану саласында 
тың проблемаларды көтере алуымен 
құнды. Бұған қоса ұлы ғалымның 
ғылыми еңбектері мен хаттары 1947 
жылы орыс тілінде басылып шығуы 
өріс алып бара жатқан ғылыми ой-
пікірге өзек болды. Бұл жерде Шоқан 
мұрасын зерттеу нысанасына алып 
жатқан басқа да ғылым салаларынан 
ұлттық әдебиеттану ғылымы қалыса 
қоймағанын ескерте кету артық бол-
мас. Оның ағартушылық, ғалымдық 
тұлғасымен қоса фольклорист, әде-
биетші ретіндегі қырлары туралы 
тұжырым қалыптаса бастады. Бұл 
келді де қазақ әдебиетіндегі орны-
ның бағалануына сай оқулықтарға 
енгізілуіне жол ашты. 
Ы. Алтынсарин шығармашы лы-
ғына оқулықтар деңгейіндегі баға-
лаушылық көзқарастан көрі терең-
деп, ғылыми және әдеби-теориялық 
талдауларға баруға жол ашылды. Ал-
ғашқыда «Социалистік Қазақстан» 
газетінде Б. Сүлейменовтің «Ы. Ал -
тынсарин» (1945, 15 қыркүйек), 
Ә. Сыз дықовтың «Ы. Алтынсарин –
педагог» (1945, 10 көкек) деген 
мақалалары жарияланып, ол кейін 
ұлы педагогтің қайтыс болуына 
60 жыл толуына орай бірнеше ма-
қалалар мен зерттеулердің жазылуы-
на жалғасты. 1943 жылы таңдамалы 
шығармалары, 1948 жылы «Кел, ба-
лалар, оқылық» атты жинағы шығып, 
олар ғылыми ойдың жаңа арнада 
дамуына үлес қосса, 1949 жылы 
шыққан А. Ф. Эфировтің «Ибрай Ал-
тынсарин», А. С. Ситдыковтың «Пе-
дагогические идеи и просветитель-
ская деятельность И. Алтынсарина» 
(қазақшасы 1950 ж.) атты еңбектерін 
сол жолдағы алғаш қол жеткізілген 
нәтижелер ғана емес, қалыптасу 
дәуірінде күрделі мәселелерді сөз 
ете бастаған ұлттық әдебиеттану 
ғылымының табысы десе де болады.
Біздіңше, Шоқан мен Ыбы-
рай туралы осы кезеңдегі, яғни 
40-жылдардағы жазылған ғылыми 
мақалалар мен зерттеулерді басты 
назар аударған нысаналары мен 
мәселелеріне орай тарамдата баян-
дап жату міндет емес. Сондықтан 
да ұлттық ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің күрделі де көкейкесті 
тақырыптарға қаймықпай барып, 
алғашқы ой-тұжырымдар жасай ал-
ғандығын байқату үшін жинақтай 
айтсақ та жеткілікті. Яғни, қалыптасу 
кезеңіне енді ғана қадам басқан 
ұлттық әдебиеттану ғылымы осы екі 
ағартушы-ойшыл мұрасын зерттеуде:
1. 20-30-жылдары тереңдеп баруға 
мүмкіндік болмаған Абайға дейінгі 
әдеби дамудың басты сыр-сипатын 
анықтады.
2. Ұлттық сана-сезімдегі ағарту-
шы лық идеяның туу, даму жолдарын 
жүйеледі.
3. Қазақ әдебиеті тарихындағы 
орындарын бағалап, қосқан үлесін 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


286


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет