Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет285/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
са, екіншісі, сол арқылы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде «тұрпайы 
социологизм» теориясының ерек-
ше өріс алып кетпеуі үшін күресу 
еді. Оған дәлел ретінде 1948-1949 
жылдары Қ. Жұмалиевтің «Абайға 
дейінгі қазақ поэзиясы және Абай 
поэзиясының тілі», «М. Өтемісұлы», 
Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың 
ақындығы», «Қазақ әдебиеті тари-
хы ның» І томы, «Қазақ совет 
тарихының очеркі» және тағы да 
басқа еңбектерді атай отырып, олар-
ды заман талабына сай таптық көз-
қарас пен социологиялық арқауы 
басым талдаулардың көбірек орын 
алғанына бола, бүгінгі күнгі талапқа 
сай даттай беруге де болмас. Ең бас-
тысы, олар ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
«тұрпайы 
социоло-
гизм» теориясының ықпалына бір-
жола мойын ұсынудан, азды-көпті 
табыстарды түгелдей жоққа шыға-
рудан сақтап қалды. Шынын айтсақ, 
«тұрпайы социологизм» бұл бағытта 
өз ұмтылыстарын жасамай да қалған 
жоқ емес. 50-жылдардың басын-
дағы Абай мұрасына байланысты 
дискуссияның болуы оған нақты 
дәлел.
Қазақ әдебиеттану ғылымы ой-
пікірге тұсау салған қаулы-қарарлар 
қыспағына түсіп, өз «қателіктерін» 
маркстік-лениндік әдіснама талап-
тарына сай түзету жасауға талпын-
ған дарымен, әшкерелеуге құрылған 
саяси науқан жалғаса берді. 1950 
жылдардың басынан бастап ол тіпті 
үдеп кетті. Оған «халықтар көсемі» 
Сталиннің ғылыми жұмыстардағы 
дискуссияға белсене араласуы се-
беп болды да, идеологиялық тазалау 
басталды. Физиологияда академик 
Павловтың, тіл білімінде Маррдың, 
саяси экономияда Вознесенскийдің 
шәкірттеріне қарсы күрес өрістеді. 
Шарлатан Лысенконың ілімі дә-
ріптелді. Әсіресе, Сталиннің тіл білі-
міне қосқан «жаңалығы» ұлт респуб-
ликаларында «ұлтшыл дық-бур жуа-
зияшылдық», космополититтік көз-
қа расты әшкерелеумен тығыз ұш-
тас тырылды. Марксизм-ленинизмнің 
не гізін салушыларға түзетулер енгізе 
отырып, тілді қондырмаға да, ба-
зиске де жатпайтынын дәлелдеген 
Сталин «жаңалықтары» ғылымда ғы 
буржуазияшыл-ұлтшыл 
пиғылда-
ғы жаңа тап жауларын талқандауды 
кеңестік идеологияға міндеттеп бер-
ді. Басқаларды былай қойғанда, 
М. Әуезовтің өзі «Дружба народов» 
журналында «Вопросы казахско-
го языка в свете трудов И. Сталина 
по языкознанию» (1951, №6) ма-
қала сында қолдаса, Ә. Хасенов де-
ген «Қазақ тіл ғылымындағы марр-
шылдық пен ұлтшылдыққа қарсы» 
атты мақаласымен талқан дағыш 
күшке айналдырып жіберді. Бұл ұлт-
шылдықты әшкерелеудің басқа ғы-
лым салаларына да ауыз сала бас-
тағанының белгісі еді. Тіл-әдебиет 
институты қаралағыш сипаттағы ауыр 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


304


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет