Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет368/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. 
Қазақ библиографиясының тарихы 
көп тарағаны туралы айтыла келіп, 
жырдың қысқаша мазмұны беріл-
ген. «Мұңлық-Зарлық» қиссасының 
1899 жылғы «Көрұғлы сұлтан» 
қиссасының 1885 жылғы, «Шортан-
бай өлеңдерінің» 1890 жылғы, «Шаһи 
зинда» қиссасының 1899 жылғы, 
«Шәкір – Шәкірат» қиссасының 
1890 жылғы, «Жүсіп-Зылиха» қис са-
сының 1898 жылғы, «Мәлік – Ха сан» 
қиссасының 1900 жылғы, «Зия да-
Шаһмұрат» қиссасының 1890 жыл-
ғы, «Жәмшид» қиссасының 1897 жыл-
ғы, «Бозұғлан – Ахметбек пен 
Жүсіпбек» қиссасының 1889 жыл -
ғы, «Бозжігіт» қиссасының 1893 жыл-
ғы басылымдарының қысқаша маз-
мұндары берілген. Қазақ халқының 
асыл мұраларынан «Қозы Көр -
пеш – Баян сұлу» жырының 1890 
жыл ғы басылымы Қазанда «Универ-
ситет» баспасынан 10 мың дана бо-
лып шыққандығы, жырды 1812 жылы 
Т. Беляев орыс тіліне аударғаны, 
И. Н. Березиннің хрестоматиясында, 
В. В. Радловтың жинағында басылып 
шыққаны туралы деректер берілген. 
«Қыз Жібек» қиссасының 1894, 1896, 
1899 жылғы басылымдары туралы 
мәліметтер бар.
Қазақ, Өзбек, Қарақалпақ халық-
тарының фольклоры мен этногра-
фиясы жөнінде көптеген еңбектер 
жазған көрнекті фольклорист, эт-
нограф, лингвист Әбубәкір Ахмет-
жанұлы Диваевтың көшпелі қазақ 
әйелдерінің ақыл –ойын көрсететін, 
жүрек сұлулығын суреттейтін Шым-
кент оязы Сырдария облысынан жа-
зып алған қазақ елінің тұрмыс-салт 
жырларынан жоқтауға арналған кі-
табы жайында А. Е. Алекторов көр-
сеткішінде мақала жарияланған. 
Ма қалада қазақ халқының әдет-ғұр-
пының бір қырын көрсететін жоқтау 
салтының қазақ арасында қалай 
өтетіні сөз болады. Осы сияқты сын 
мақалалар, қазақ тіліндегі тұңғыш 
оқулықтар жазған, қазақ әдебиетінің 
жинақтарын құрастырған, ауыз 
әдебиет нұсқаларын жинап бастыр-
ған В. В. Радлов, Н. И. Илбминский, 
В. Катаринский, Я. Лютш, М. Терен-
тьев, П. Мелиоранский, Б. Бақтыге-
реев және басқаларының еңбектері 
туралы Алекторовтың көрсеткішін-
де құнды материалдар молынан 
бар шылық. Ал өзінің көрсеткішіне 
қосымша ретінде берілген 15 беттік 
қазақ кітаптарының мазмұндалған 
тізімі қазақ кітабының тұңғыш би-
блиографиясы болуымен қатар, онда 
көрсетілген қазақ тіліндегі елу шама-
лы кітапты ғалымдар назарына алғаш 
ілінген, ғылыми айналымға түскен 
нұсқалар деп қараймыз.
А. Е. Алекторов өз көрсеткішінде 
қазақ елі туралы әдебиетке, мәде-
ниетке қатысты сол кездегі жарық 
көрген кітаптардың мазмұнын баян-
дап қана қоймай, олардың көпшілігі 
жайында ғылыми талдаулар берген. 
Бұл ғылыми талдау мақалалар бір 
кездегі әдебиет зерттеулерінің бас-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


389


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет