Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет89/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жазу арқылы халық өміріндегі ор-
ны на көңіл аударуды, жинаудың, 
ел ау зы нан жазып алу жолындағы 
жұмыс тар
дың орындалу техникасын, 
бел гілі бір нұсқаның көп вариантты-
лы ғының ғылымдық мәнін үнемі 
ескертіп отырды. Фольклорлық мұра 
жайындағы 
ғылыми-зерттеушілік 
көз қарастың жоғарыдағыдай дәре-
же де айтылуы қазақ әдебиеттану 
ғы лымының 1920 жылдардың бас 
ке зінің өзінде-ақ туа бастағанын 
дәлелдеу процесіне бет алғанын аң-
ғар тады. А. Байтұрсыновтың бұл 
пі кірін С. Мұқанов кейінірек жаз-
ған бір еңбегінде: «Ел әдебиеті ба-
сылуы қажет, бірақ оны басқанда 
марксшілдік көзқараспен түсіндіріп 
беру керек, әйтпесе бұқара өз бетімен 
түсіне алмай адасады» деп маркстік-
лениндік әдіснаманың принципіне 
сай нақтылай түскен болатын. 
Пролеткультшылдық 
нигилизм 
мен «тұрпайы социологизм» әді-
сіне қарағанда «бірыңғай ағым» 
тео риясының әдеби мұраны иге-
ру, зерттеудегі тиімді рөлін жоққа 
шы ғаруға болмайды. Кейінде ғана 
қайта орала бастаған халық ауыз әде-
биетінің көптеген үлгілері әдебиет 
сүйер қауымның рухани азығына, 
фольклорист ғалымдардың зерт-
теу нысанына айнала бастады. Осы 
1920 жылдардағы кейбір пікірлерде 
айтылып, қазақ әдебиет тарихын 
зерт теуде үстемдік алған «тұрпайы 
со циологизм» әдісінің әсерінен кейі-
нірек фольклорлық мұралардың 
көп шілігі халыққа жат саналып, ба-
тырлар жырынын тек қана «Қамбар 
батыр» жырына іш тартқан кезімізді 
еске алсақ, «бірыңғай ағым теория-
сын» үнемі даттаушылыққа шүбәлана 
қарамасқа болмайды.
С. Мұқанов пікірінде сол дәуір-
дегі жинау, зерттеу жұмыстарына 
байланысты бірқыдыру шындық бар. 
Қазақ оқығандары бастырған әдеби 
мұра мен жеке ақын шығармашы-
лығына жазған ғұмырнамалық алғы 
сөздер мен түсіндірмелерде фоль-
клор лық және классикалық мұраның 
халықтық және тарихилық сипаты 
дұрыс бағаланбаған кезі жоқ емес. 
«Бірыңғай ағым» теориясына бой ұру-
шылар әдеби мұраны жинау, жария-
лау, олардан үйрену, халық қажетіне 
жарату және зерттеу проблемасын 
көтеріп жатқан кезде, пролеткуль-
тшылдар кең насихаттаған нигилис-
тік көзқарас пролетарлық әдебиеттің 
кейбір өкілдерінен қолдау тауып, 
«халық творчествосы үстем таптың, 
байлар табының дәуірінде жасалған, 
үстем тап идеологиясын насихаттай-
ды», «Біздің принциптеріміз байшыл-
ұлтшылдардың принциптерімен рай-
ласпақ емес, өйткені біз әдебиетті 
(әдеби мұраны. – 
Ж. С.
) еңбекшілер 
тұрғысынан бағалаймыз, ал байшыл-
ұлтшылдар байлардың тұрғысынан 
қарайды. Сондықтан біздің ымыраға 
келуіміз мүмкін емес» деген пікірлер 
жалпылама түрде айтылып, әдеби 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет