ҰБТ СҰРАҚТАРЫ: 1.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі:
Жауабы: Өнімді еңбектің пайда болуы 2.
Егіншіліктің тұрақты қалыптасқан кезеңі:
Жауабы: Неолит 3.Малды тұрақты түрде қолға үйреткен кезең:
Жауабы: Неолит 4.
Адамдардың азық түлікті өндіре бастаған кезеңі:
Жауабы: неолит
5.
Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз: «... адамдар табиғат
сыйына тәуелділіктен құтылды. Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті
өздері өндірді»:
Жауабы: Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы 6.
Жаңа тас ғасырындағы адамдар үйренді:
Жауабы: Мата тоқып, киім тігуді үйренді .
7.Мәтінде сипатталған табиғи үрдіс жүзеге асуы үшін қажет еткен жағдай:
«...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудін
қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен
кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады...»:
Жауабы: Еңбек құралдарының жетілдіруі 8.
Мәтінде сипатталған табиғи үрдістің орын алған кезеңі: «...адамзат
қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудін қарапайым
түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және
тоқымашылықпен айналыса бастады...»:
Жауабы: Неолит Неолит кезеңінің еңбек құралдары: -Бұл кезеңде тас өңдеу биік деңгейге жетті. Адамдар тасты кесу, жону,
жылтыратып тегістеу, бұрғылау әдістерін меңгерді.
-Неолитте құрамалы құралдар жасаудың түрлі әдістері жетілдірілді.
Құрамалы деп аталатыны – олар екі түрлі материалдан құрастырылған,
құралдың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан тұрады.
-Еңбек құралдарының жаңа түрлерін – келі, дәнүккіш, балта, қайланы т.б
ойлап тапты.
-Таяққа бекітетін қашау балтаға айналды, оның соққысы жай тастан
күштірек болды.
-Кетпен – ауыл шаруашылық жұмыстарында, тұрмыста қолданылатын
құрал. Кетпен Орт. Азияда тұратын халықтарда өте ерте заманнан белгілі.
Оны, әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарда көбірек
қолданады.
-Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы – адамдардың қыш құмыра
(керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан «қыш құмыралар
заманы» деп те атайды. Құмыраларға геометриялық өрнектер салған.
Құмыраны көзе деп те атайды, Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс.