Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Көптілдік жағдайында барлық тілдерді тең сақтау немесе



Pdf көрінісі
бет86/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111
1.Көптілдік жағдайында барлық тілдерді тең сақтау немесе 
бірдей дамыту мүмкін бе? 
Тіл проблемасы – дүниедегі 200-ден астам мемлекетте зертте-
летін үлгі. Өйткені мемлекет халқы мейлі бір ұлттан тұрсын
көп ұлттан құралған болсын, бәрібір өзіндік тіл проблемаларын-
сыз болмайды. Айталық, бір ұлтты мемлекетте тіл мәселесі таза 
лингвистикалық сипатта, яғни халықтық тілдің жекелеген өмір сүру 
салалары арасында өрбиді. Мысалы, дүние жүзінде бір ұлтты мем-
лекет ретінде танылатын Жапонияда мемлекеттік тіл проблемасы 
жапон диалектілерінің арасында өршіп отырғандығы байқалады. 
Ал көпұлтты мемлекеттерде тіл мәселесі жекелеген тілдер арасын-
да ұлтаралық деңгейде болып, саяси-лингвистикалық реңкке ие 
болады. Өйткені көптілділік жағдайында барлық тілдерді әрдайым 
тең сақтау немесе бірдей дамыту мүмкін бола бермейді. Тілдердің 
заң жүзіндегі теңдігі мен қызмет ету аясындағы теңдігі деген екеуі 
екі бөлек түсінік. Конституция тілдер теңдігін жариялауы мүмкін, 
алайда олар қызмет ету ауқымы жағынан ешқашан тең болмай-
ды. Көптілділік жағдайында ылғи да бірді-екілі тіл этносаралық 
қарым-қатынас құралы болып, бөлектеніп отырады. Сондықтан 
мұндай көптілділік жағдаятты елде демократиялық бағыттағы тіл 
саясаты екіжақты мақсатты ұстауды қажет етеді: 
1.Әрбір жекелеген тілдердің өмір сүруі мен дамуын қамтама-
сыз ету.
2.Қандай да бір тілдің бүкіл ел аумағында этносаралық қарым-
қатынас құралы ретінде қызметтік мәртебесін бекіту.


173
Тілдерді дамыту ісі осылайша нақтылы жоспарланған түрде 
жүргізілуі тиіс. Бұл – әлемдік қалыпты жағдай (стандарт). Ал 
мұның өзі ең алдымен басқаруға (управление) байланысты. 
Басқару қандай болса, даму да сол деңгейде болмақ. Білікті 
басқару ісі қоғамдағы тілдердің өзіндік мәртебесін дұрыс та дәл 
анықтаудан басталады. Мәртебе белгілеу арқылы заң күшімен 
тіл дамыту – әлемге кең тараған құбылыс. Мәртебе – әлеуметтік 
лингвистикалық әрі құқықтық категория, ол тілдердің қоғамдағы 
құқықтық әлеуметтік жағдайын танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет