Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет50/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Әуе шарымен демонстрация жасау 
Уақыт: 5 минут 
Материалдар: оқушылардың санына сәйкес келетін әуе шарлары 
Процесі: 
Оқушыларға әуе шарымен демонстрация жасаңыз. Қолыңызға үрленбеген шар алыңыз. 
Мұндай шар өте икемді екенін, одан түрлі пішін жасауға болатынын және ол еш 
қарсыласпайтынын айтыңыз. Себебі онда энергия өте аз. Бұл адамға да қатысты: сезімі, 
энергиясы аз, белсенді емес адамның өмірі құр өтіп кетеді. Өмір ол үшін қызық болмайды. 
Енді шарды үрлеңіз. Мойынын қысып, ауасын шығармаңыз. Шардың энергиясы пайда болды 
– оның енді пішіні бар, пішінін өзгерту оңай емес; шардың қоршаған ортамен нақты 
белгіленген шекарасы пайда болды. Бұл адамға да қатысты: сезімдер өмірімізді қызықты етіп 
қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортамен жайлы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. 
Адам сезімдер арқылы өзіне не ұнайтынын, неден рақат алатынын, не ұнамайтынын түсінеді. 
Адамның білдіретін сезімдері оның көңіл-күйі, ішкі дүниесі, шекаралары жайлы хабарлап, 
басқалармен қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Сонымен бірге, шарда ауа аз болса, ол 
икемді болады. Оны сәл қыссақ, ол бірнеше секунд бойы пішінін өзгертіп, бұрынғы күйіне 
оралады. 
Енді шарды қатты үрлеңіз. Шарда ауа көп болғанда кез келген қысым қауіпті болуы мүмкін. 
Шар не жарылады, не желі шығып, бөлмеде ұшып жүреді (егер мойынын қыспасақ). Шарды 
сыныпта ұшырып жіберіңіз. Сезімдерін ұзақ уақыт бойы білдірмейтін адам да бір мезетте 
жарылуы мүмкін екенін айтыңыз. Сол кезде адам сезімдерді басқармай, керісінше, сезімдер 
адамды басқаратын болады. 
Демонстрациядан кейін әр оқушыға бір-бір шардан таратып беріңіз. Алдымен бәріміз шарды 
созып көреміз, сосын сәл үрлейміз, сосын қатты үрлейміз. Бәрі дайын болғанда шарларды 
жібере саламыз. 
Шарлар сыныпта жан-жаққа ұшып, қабырға мен төбеге соқтығысады. Оқушылардың назарын 
соған аударыңыз. Сезімдерімізді бақыламайтын болсақ, біз де басқа адамдарды ренжітіп, 
оларға зиян келтіруіміз мүмкін. Соңында «сезімдерімізді ішімізде сақтамай, оларды білдіруіміз 
керек» деп қорытындылаңыз. Бұл өзіміздің психологиялық күйіміз үшін ғана емес, басқа 
адамдар үшін де керек нәрсе. 
Егер біреудің шары жарылса, оны мысал ретінде талқылаңыз. Бұл жақсы үлгі, себебі сезімдерді 
білдіруге тыйым салынса, адам «жарылып», өзін ұстай алмай, өзіне және айналадағы адамдарға 
зиян келтіреді. Қайнап жатқан шәйнекті де мысал ретінде айтыңыз. Егер оның мұрнын жауып 
қойсақ, ол да ақыры жарылып, айналаның бәріне зиян келтіреді. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет