Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

3.3 ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ 
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу 
аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді 
меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау. 
Үлгерімді ағымдағы бақылау педагогтерге, білім алушыларға және ата-аналарға 


96 
белгілі бір кезеңдегі білім алушылардың үлгерімі туралы баллдар мен бағалар 
қою арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. 
Егер ФБ оқу процесінде білім алушылардың үлгерімін тексерсе, онда ЖБ 
бөлімді / ортақ тақырыпты (БЖБ) және тоқсанды (ТЖБ) зерделеуді аяқтағаннан 
кейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған. 
Бағалаудың екі түрі де сараланған тәсілді ескере отырып, педагогтердің көп 
деңгейлі тапсырмаларды әзірлеуін қамтиды. 
Педагогтер ЖБ тапсырмасын құрастыру кезінде, білім алушылар 
оларды орындау кезінде академиялық адалдық қағидатын сақтауы 
маңызды.
БЖБ түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, 
эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу) мен сабақта өткізілетін уақытын 
педагог өзі анықтайды. 
ТЖБ барлық білім беру ұйымдары үшін бірыңғай тоқсандық жиынтық 
бағалау спецификациясына сәйкес жүргізіледі. 
Педагог 
академиялық адалдық нормаларын
сақтай отырып, өткен 
бөлімнің, тоқсанның, жартыжылдықтың оқу материалының мазмұны бойынша 
оқу бағдарламасына сәйкес техникалық спецификация негізінде БЖБ және ТЖБ 
тапсырмаларын әзірлейді. ЖБ өткізу кезінде педагог таңдалған оқу 
материалының оқу бағдарламасы бойынша бөлімнің/ ортақ тақырыптардың / 
тоқсанның өткен тақырыптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі қажет. 
1-сыныпта ЖБ өткізілмейді. 
2-11-сыныптарда педагог «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 
бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 
бұйрығына сәйкес пәндер бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ жүргізеді. 
Формативті және жиынтық бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға 
тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. 
ФБ кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы 
бағаланады. ФБ үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 1-ден 10 балға дейін 
болуы керек (10-кесте). 
Әр сабақта әр білім алушының оқу жетістіктеріне балл қою арқылы ФБ 
жүргізу міндетті емес. Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын 
және т.б. ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою мерзімділігін және 
сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын жеке анықтайды. 
10-кесте - Формативті бағалаудағы баллдарды саралау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет