көмектеседі. Бірақ бұл дəрілердің барлығын тек медицина қызметкері ғана енгізе алады.
Сондықтан науқасқа жылдам медициналық көмек көрсетілгені жөн.
Алғашқы көмек
мүмкіндігінше аллергеннің ағзаға түсуін тоқтату қажет (жəндіктің уын жою, тағамды
аластату, теріден химикатты жуу жəне т.б.). Егер аллерген ретінде көктамырға енгізілген
дəрілер себепші болса, онда қажетті дəрілерді енгізу үшін көктамырдағы инені
шығармаған жөн;
шұғыл көмекке шақыру, жедел жəрдемді шақырту;
науқасты түзу горизонтальды қатты жерге, аяғын жоғары көтеріп жатқызған абзал; таза
ауамен қамтамасыз ету;
Алдын алуы
Аллергияны анықтаған кезде дер кезінде ем тағайындау, аллергенмен қатынасты жою
қажет. Егер бұрын аллергия болғаны туралы ақпарат болмаса, антибиотиктер мен
анестетиктерді қабылдау алдында міндетті түрде сынама жасау керек. Сонымен қатар
таныс емес азық-түліктердің дəмін сақтықпен көріп, өндірістік химияны,
дезинфекциялаушы заттарды, жəндіктер мен кеміргіштерге қарсы уларды қолданғанда
қорғаныс заттарын (респираторлар, қолғаптар) пайдаланған жөн.
Себептері
Анафилактикалық шоктың себебі – аллергиялық реакция. Анафилактикалық шокты жиі
шақырады:
жəндіктердің уы,
дəрі-дəрмектер, соның ішінде антибиотиктер мен антибактериальды заттар, анестетиктер
(стоматологияда жиі қолданылады) жəне т. б.,
дəрумендер, вакциналар, сарысулар, косметологияда қолданылатын препараттар,
азық-түліктер: бал, жаңғақ, балық, саңырауқұлақтар, жержаңғақ жəне т.б.
Аллергияға қарсы препараттардың көпшілігі антигистаминді препараттар деп аталады.
-
Достарыңызбен бөлісу: