Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТАРАТАТЫН



Pdf көрінісі
бет137/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТАРАТАТЫН 
ЭЛЕКТР АППАРАТТАРЫ
 
Электр тарату аппараттары электр қондырғыларын электр 
энергиясымен жабдықтау тізбектерін коммутациялауға және оларды 
авариялық режимдерде қорғауға арналған. Оларға балқымалы 
сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар, айырғылар, пакеттік 
ажыратқыштар, батырмалар жатады. 
Балқымалы
 
сақтандырғыштар.
Бұл аппараттар электр 
қондырғыларын қысқа тұйықталу токтарынан қорғауға арналған. 
Олардың негізгі элементі 
– 
токтың жоғары мәндерінде жылылықтың 
әсерінен бұзылатын 
балқымалы ендірме
. Балқымалы ендірмелерге 
арналған материал ретінде мыс пен мырыш қызмет етеді. Мырыш 
ұйғарынды температулардың шегінде тотықпайды, бұл созылмалы 
ендірменің жұмыс сипаттамаларын ұзақ уақыт 
бойы сақтауға мүмкіндік береді. 
250 В дейінгі кернеу мен 60 А дейінгі токтар 
үшін 
тығынды 
сақтандырғыштарды қолданады 
(10.9-
сурет). Тығынды сақтандырғыш 
1
негізден 
тұрады, оған 
4
қозғалмайтын контактіге 
сүйенетін, жанған кезде алынатын 
2
ендірме 
бұралады. Тығын керамикалық материалдан 
жасалады және екі металл контактімен 
жабдықталады, олардың арасына 

созылмалы
ендірме дәнекерленеді. 
10.9-
сурет


304
Қозғалтқыштарды, электр қыздырғыш қондырғыларды және басқа 
да құрылғыларды қысқа тұйықталу токтарынан қорғау үшін 
түтікшелі 
сақтандырғыштар қолданылады. Олардың типтік 
конструкциясы электр оқшаулауыш материалдан (фарфордан, 
керамикадан, фибрадан және т.б.) жасалған түтікше болып есептеледі, 
онда ауа ортасындағы балқымалы ендірме немесе әртүрлі 
толтырғыштар орналастырылады
(
құрамында 99
%-
дан кем емес 
SiO

және 
CaCO

бор бар кварцты құм
). 
Ендірмені балқытқан кезде пайда 
болатын электр доғасы толтырғышпен жанасып, қарқынды 
салқындайды да, кері иондалып, тез сөніп қалады. 
Электрондық аспаптарды (компьютерлерді, теледидарларды және 
т.б.) қорғау үшін электр оқшаулауыш негізге тозаңдалған, жұқа
металл (күміс) қабат түріндегі
 
тезәрекетті
сақтандырғыштарды 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет