331
QF
автоматты ажыратқышы қосулы болған кезде, қозғалтқышты
бір айналу бағытында іске қосу
SB2
батырмасын («Вперед») басу
арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте
КМ1
контакторы іске
қосылады да, оның бас контактілері тұйықталып, статор
фазаларының орамаларын желіге қосады. Сонымен қатар,
КМ1
көмекші контактілері
SB2
батырмасын оны бастапқы күйіне қайтару
кезінде блоктайды және
КМ2
контакторын басқару тізбегін
ажыратады.
Қозғалтқышты қарсы айналу бағытында қосу үшін әуелі
SB1
батырмасын басып, басқару тізбегін бастапқы электрлік күйіне
қайтару қажет, одан кейін
SB3
(«Назад»)
батырмасын басу қажет
.
Бұл ретте
КМ2
контакторы іске қосылады да, оның бас контактілері
тұйықталып, статор фазаларының орамаларын желіге екі фазаны
қосу тәртібі өзгеретіндей етіп қосады. Статор токтарының магнит
өрісінің айналу бағыты да өзгереді (8.8,
б
суретін қараңыз).
КМ2
көмекші контактілері
SB3
батырмасын оны бастапқы күйіне қайтару
кезінде блоктайды және
КМ1
контакторын басқару тізбегін
ажыратады. Реверсивті магниттік іске қосқыштарда
SB2
және
SB3
батырмаларын электрлік блоктаудан басқа, механикалық блоктау
қарастырылған, ол үш фазалық тізбекте екі батырманы да бір
уақытта қателесіп басып алған жағдайда қысқа тұйықталудан
қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: