Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет209/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

микропроцессор
(МП) деп 
аталады. 
МП
-
ң үлкен функционалдық мүмкіндіктерден тұратынына 
қарамастан, оны тиімді қолдану үшін жұмыс бағдарламасының 
өзгермейтін бөліктерін сақтауға арналған тұрақты және деректер мен 
бағдарламаларды уақытша сақтауға арналған жедел жадтау құрыл
ғылары (17.4
-
бөлімшені қараңыз) мен ақпаратты енгізу
-
шығару 
құрылғылары сияқты қосымша құрылғылар қажет. МП мен қосымша 
құрылғылардың жиынтығы 
микропроцессорлық жүйе
деп аталады 
(18.4-
сурет).


454
18.4-
сурет

Данные, программа 
– 
деректер, бағдарлама; Адреса 
– 
адрестер; 
Команды 
– 
командалар; Сигналы управления объектом 
– 
объектіні басқару 
сигналдары; Порт ввода 
– 
енгізу порты; Порт вывода 
– 
шығару порты; ОЗУ 
– 
ЖЖҚ; 
ПЗУ 
– 
ТЖҚ; УВв 
– 
ЕнҚ; УВыв 

ШығҚ
МП
-
жүйелердің арасында басқарушы микроЭЕМ және 
контроллерлер болып бөлінеді. Олардың ара
-
жігін ажырату қиын, 
бірақ әдетте контроллерлердің функционалдық және есептеуіш 
мүмкіндіктері аз болады. 
МП
-
жүйелердің 
енгізу
(ЕнҚ)
және 
шығару құрылғысы
(ШығҚ) 
күшейткіштердің, бағдарламалық
-
қолжетімді регистрлердің және 
дисплейді, принтерді және т.б. қосуға арналған кілттердің жиынтығы 
болып есептеледі. Енгізу
-
шығару құрылғысының әрбір регистрі 
порт
деп аталады. Порттар ақпаратты енгізу және шығару 
процесінде оын қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. ЕнҚ мен 
ШығҚ аппараттық және бағдарламалық құралдарының жиынтығы 
интерфейс
деп аталады. 
Басқарушы микроЭВМ мен контроллерлерде көбінесе басқару 
объектісімен түйіндесу үшін датчиктер, АЦҚ пен ЦАҚ болады.
МП
-
жүйенің әртүрлі құрылғылары мен МП ішіндегі құрылғылар 
өз арасында магистральдармен жалғанады. Жадтау құрылғылары 
ұяшықтарының, порттардың, енгізу
-
шығару құрылғыларының және 
МП деректермен алмасатын басқа да құрылғылардың адрестерін 
беруге арналған 
адрестер магистральі
(АМ); деректерді МП ішінде 
және одан тыс беруге арналған 
деректер магистральі
(ДМ); МП іс
-
қимылдарының реттілігін және АМ мен ДМ бойынша адрестер мен 
деректерді беру бағытын анықтайтын командаларды беруге арналған 
басқару магистральі
(БМ) болады. 
Кіріс ақпарат операциялар орындалатын 
деректерге
және 
бағдарламаға
, яғни орындалатын операцияларды сипаттайтын 
командалардың реттілігіне бөлінеді. Деректер мен бағдарламалар 
разрядтар саны 8 еселі (1 байт) екілік сандар түріндегі әртүрлі 
ұзындықтағы сөздердің жиынтығымен беріледі. 
ЕнҚ деректері енгізу портына келіп түседі. Басқару сигналдары 
қажетті портты таңдап, деректердің жазылуын, портта уақытша 


455
сақталуын, одан кейін олардың 
m
-
разрядты сөздің берілуін 
қамтамасыз ететін 
т
өткізгіш желілердің жиынтығынан тұратын 
деректер магистральіне берілуін қамтамасыз етеді. Байланыстарды 
магистральдық ұйымдастыру кезінде МП
-
жүйенің элементтері үш 
күйдің бірінде:

деректерді магистральға беру;

деректерді магистральдан қабылдау;

магистральдан ажырату күйінде
болуы мүмкін буферлік 
күшейткіштер арқылы бірыңғай магистральға қосылады
Басқару сигналдарымен МП
-
жүйенің бір элементтерін ақпараты 
магистральға беру режиміне, екінші элементтерін ақпаратты 
қабылдау режиміне қоюға, ал қалғандарын ажыратуға болады. 
МП жұмысы ЕнҚ
-
ң тез әрекеттігіне тәуелді болмауы үшін, 
деректер мен бағдарламалар оны орындар алдында ЖЖҚ
-
қа 
жазылады. ЖЖҚ көлемі басқарушы микроЭЕМ үшін бірлік пен 
ондық килобайтты құрайды 
(1 кбайт = 2
10
байт, яғни
1024 
сегіз 
разрядты сөз
). 
Сонымен қатар, сыртқы жад, мысалы магниттік 
дискілері бар құрылғылар түріндегі сыртқы жад қосылуы мүмкін. 
Автономды режимде жұмыс жасайтын басқарушы МП
-
жүйеде 
бағдарлама жұмысқа қосар алдында жадтау құрылғысында 
орналастырылады. Бақыланатын параметрлердің мәндері туралы 
деректер датчитктерден ЕнҚ
-
қа үздіксіз, яғни нақты уақыт 
масштабында түсіп отырады. Олардың жұмысынан кейін ШығҚ 
шығыстарындағы орындаушы механизмдермен басқару сигналдарын 
құрады. 
Бағдарламаның МП командаларының орындалу реттілігін онда 
орналасқан 
командалар есептегіші
қамтамасыз етеді. 
1.
Жадтау құрылғысынан бірінші команда оқылады, жадтау 
құрылғысының бірінші команда сақталатын ұяшығының нөмірі 
командалар есептігішіне салынады; команда орындалғаннан кейін 
есептегіштегі сан автоматты түрде 1
-
ге ұлғаяды, бұл бағдарлама 
командаларының орындалу реттілігін қамтамасыз етеді. 
2.
Жадтау 
құрылғысынан 
берілген 
команда 
бойынша 
орындалатын операцияның коды және команда орындалатын сандар 
не олардың (порт не жадтау құрылғысының ұяшығы) адрестері 
оқылады. 
3.
Команда орындалады. 
«Оқып алу» командасы орындалғаннан кейін жадтау 
құрылғысының келесі ұяшығындағы команда орындалады да, цикл 
қайталанады. 


456


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет