10
Процессуалдық – тәрбие, оқу-тәрбие процесі, педагогикалық процесс, әрекет.
Идеялық компоненттері – ұғымдар, ережелер, тәрбие жүйесінің мақсаты, мазмұны,
түрлері, даму кезеңдері, қатысушылардың рөлдік полициялары.
Мектептің тәрбие жүйесі қалыптасу барысында бірнеше сатыдан өтеді.
I даму кезеңінде – негізгі идеяны қолдайтын мұғалімдердің шығармашылық тобы
құрылуы шарт.
II
даму кезеңінде – ортақ іс – әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар
ұжымының бірігуі орын алады.
III
даму кезеңінде– тәрбие жүйесінің қалыптасуының негізгі көрсеткіші – біртұтас
ұжым құрылуы ( ұстаздардан, оқушылардан, ата - аналардан) тиіс.
Л.И.Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісін айқындаған:
1.
Мектептің “кіші тұжырымдамасының” айқындығы – оның ата-аналардың,
мұғалімдердің, оқушылардың қолдауы арқылы қабылдануы;
2.
Мектеп өмірінің балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі,
биресми қатынастардың құпталуы;
3.
Балалар өмірінде қуанышты оқиғалардың болуы;
4.
Мектептің, баланың, топтың еркін дамуына шектеу келтіретін “ұйымдастырылған
аралдың” болуы;
5.
Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін “Сөйлеп тұрған қабырғалардың” болуы;
6.
Қоршаған ортаның мектепке, мектептің қоршаған ортаға ықпалы;
7.
“Ішкі қайшылықтарды” шешу;
8.
Мектеп ұжымы мүшелері арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың
қалыптасуы;
9.
Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымы мүшесі екенін
толық сезінуі.
Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі,
тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін
өте маңызды.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:
-
оқушылардың қызығушылығы, қабілеті, қажеттілігі;
-
педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра
алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);
-
кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.
Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары:
1.
Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді
шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі;
2.
Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм
Достарыңызбен бөлісу: