Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
87
екенін білсем, мүмкін мен оны Сүйіншікке атеке етер едім ғой. Мұндай аңырақай,
соқпақты, қиын жағдайларда ең бөктер жол сол болатын еді-ау!».
— Рабиу-Сұлтан-Бегім алдымен сізден Саянды Сүйіншікке көкілташ
1
етуді
өтінбек болған. Бірақ жастайынан біріне-бірі ұнаған Гүлбаһрам-Патшайым мен
Саяндай екі жасты аяды. Егер Саян Сүйіншікке көкілташ болғанда Гүлбаһрам-
Патшайымнан мәңгі күдер үзер еді. Өз қарындасын өзі алуға Мұхаммет пай-
ғамбардың діні рұқсат етпес еді. Сол себептен сізден ханым оны атеке етуіңізді
өтінді. Сен көнбедің ғой. Ал батыр Саянның кім екенін сізге айтуға қорықтық.
Өйткені Қыпшақ батыры Қобыланды да сенің қызыңа ғашық... Бәрібір Қобыланды
тұрғанда қайдағы бір келімсекке Гүлбаһрам-Патшайымды бермейтінің айдан анық
қой.
Тоғыз торап жол бір жерге келіп түйіседі. Сондай-ақ сан адамның тағдыры
кейде осындай бір тұстан табысады. Хан өз Ордасында тарам-тарам қан
тамырларындай түйісіп, қайтадан тарасып жатқан құпия сырларға таң қалды. Қан
тамырының бәрі келіп бір жүрекке құйып, қайта тарайды. Ордадағы сол жүрек
Әбілқайырдың өзі ғой. Бірақ сол Орда тынысын, қан тамырларының қалай соғып
жатқанын неге сезбей келген? «Халықты билеместен бұрын, ең алдымен Ордаңды
билей біл. Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстай алсаң, халықты да берік
ұстай аласың» деп әлем құдіретшісі ұлы Шыңғысхан бабамыз бекер айтпаған
екен, «өз Ордамда не болып жатқанын сезбегенде де Жәнібек пен Керейдің
халқымды қалай бүлдіріп жүргенін қайдан білейін. Жоқ, жоқ, мен алдыменен
маңымды берік ұстауым керек».
Хан енді басын көтеріп алды, қоңырау орнына алақанын шапалақтады. Үйге
Бақты-Қожа уәзір кірді.
— Қазір менің қызым Гүлбаһрам-Патшайым мен Қобыланды батырды алып
келіңдер.
«әрине, Гүлбаһрам-Патшайымды Қобыландыға қосамын. Жазықты ма,
жазықсыз ба — бәрібір батыр Саян кінәлі. Тыныш жатқан арыстан — хан ашуын
өзі оятты... Демек, Рабиу-Сұлтан-Бегім күнәсіз... Оның кесімін кейінге
қалдырғаным жөн болған...»
— Хан ием, тағы да айтатын бір ақылым бар.
— Ол қандай ақыл?
— Уәзіріне сырын білдіріп алған хан қақпанға түскен аңмен бірдей. Тағдырың
уәзіріңнің қолында. Достық ойласа қақпанынан құтқарып жібереді, қастық ойласа
ұрып алады. Әйтеуір қақпанынан оңай босатпайды.
— Бұны сен маған неге айтып тұрсың?
— Бақты-Қожа уәзірден сақтан. Жұрт сенен емес одан қорқа бастапты. Мұндай
айбар тек ханды өз уысында ұстаған уәзірдің қолынан ғана келеді.
«Мына сөзінде де жан бар секілді. Иә, Бақты-Қожа бір сырымды біледі. Және
сыр болғанда қандай сыр! әрине сол сырымды өзіме қарсы пайдалануға тырысады.
Кім біледі пайдаланып та жүрген шығар?.. Тұра тұр!» Әбілқайыр тағы да өзінің
сезіктенгіш қылығына ауды. Оның көз алдында, кенет, құпия сыбырласып
отырған Рабиу-Сұлтан-Бегім мен Бақты-Қожа уәзір елестеп кетті. Одан кейін
бәйбішесінің кешегі бір өзіне деген жылы шырайы есіне түсті. Әдетінше түс
мезгілінде хан Рабиу-Сұлтан-Бегім үйіне барған. Жас сұлу бәйбішесі ақ тотыдай
1
К ө к і л т а ш — бірге туыспаса да, хан шешімі бойынша жас балаға аға болып саналу. Кей көкілташтар өзіне іні
еткен хан баласына туған ағасындай болып кеткен.
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
88
таранып отырған. Әбілқайыр үйреншікті әдеті бойынша шымылдықтың қасына
келіп шешіне бастағанында, Рабиу-Сұлтан-Бегім ақ мамықтың үстінен еркелеп
түрегеліп, аяғын ырғала басып алтын кесеге шербет құйып әкелген.
— Гераттан жіберіпті. Бұғы мүйізінің нәрі қоса қайнатылған, аяғына дейін
ішіңіз, хан ием, — деген.
Хан ішкен. Және денесі аппақ қардай, қарақат көз сұлу бәйбішесінің жанында
әдеттегісінен анағұрлым ұзақ жатқан. Сол бір шатты сәтте әлі де он жеті жасар
уылжыған қызға бергісіз осы бір періштедей сүйкімді әйелін Бақты-Қожа уәзірге
өлтір деп тапсырғаны ойынан шығып кеткен. Бар ынтасы сол бір тамаша мезеттің
қуанышын мейлінше соза түсуде болған. Өткіншек дүниенің қызығы да оған дәл
осы сәтте марал мүйізінің сөлі қосылған шербеттің тәтті уытындай көрінген. Тек
осы қызық тез өтіп кетпегей деп тілеген.
Ал сол сурет оның көз алдына басқаша елестеп кетті. Шербет құйылған алтын
кесені қолына алды. Жанындағы Рабиу-Сұлтан-Бегім мөлдір көзіне қарай тұрып
кесені түбіне дейін жұтып салды. Сөйтті де жүрегі өртеніп домалай барып
құлады... «Марал мүйізі сөлінің орнына кішкентай ғана күшәланың уы қосылса не
істеймін?! Жоқ, жоқ бұдан былай қарай тым сақ болған жөн. Япырмай, бір
ажалдан аман қалған екем. Өзім де сезімге берілгішпін. Шербетті алдыменен
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің өзіне неге іштіріп алмадым? Екіншідей бұл естен
шықпасын. Жалғыз Рабиу-Сұлтан-Бегім ғана емес, қай қатыным болса да берер
асын, ішкізер сусынын ең алдыменен өздеріне таттырып көруім керек-ақ!»
— Хан сырын көп білетін уәзір тірі қалуға тиісті емес...
Ойда тұрған Әбілқайырға дәйекші сөзі алыстан талмаусырап жетті. «Иә, хан
сарайларында бар өмірі өткен қарт дәйекші дұрыс айтады. Бақты-Қожа уәзір менің
ең қылмысты сырымды біледі. Сондықтан...»
Үйге кірген шабарман кенет хан ойын бөліп жіберді.
— Тақсыр хан, үлкен бәйбішеңіз сізге айтуға бата алмай отыр екен. Гүлбаһрам-
Патшайым ханша кешеден жоқ... Бір жетіден бері төмендегі елдің бәйгесіне екі
қылаңды мініп кеткен секілді.
Мұндай хабарға еті үйреніп кеткен хан, қабағын да шытқан жоқ.
— Қобыланды батыр қайда екен?
— Тақсыр, Қобыланды батыр бар Қыпшағын соңынан ертіп ата мекен ескі
қонысы Торғай өзенінің бойына көшіп бара жатыр.
— Неге?
Онысын білмеймін. Қас-қабағы жабыңқы. Жігіттері де қалың қол боп тастай
түйініп алған. Қайт деуге бата алмадық. Жәнібек пен Керей ауылдары ауған
Жағатай жұртына қарай қашқан Гүлбаһрам-Патшайым ханшаның соңынан қуып
жете алмай қалыпты деседі жұрт. Ұзын-құлақ. Мүмкін бұл өсек болар.
«әрине бұл өсек емес. Қыпшақ батыр Қобыландының шынымен-ақ менің
қызымда үміті болған екен. Қыз көнбей қашып кеткен соң, ызадан көшкен екен.
Маған қолқа салуға қаймыққан ғой. Ажалға бермей, алып қалғанымды тағлым
тұтқан да. Шіркін, ләззат, сен кәріні де, жасты да отқа саласың-ау. Оспан дұрыс
айтады. Қобыландының Ақжол мен Саянға өшігуі де осыдан. Бірақ бір қатын
қолыма түспеді деп, осыншама бүлінетін не бар еді, ақымақ! Осының ызасына
әлде соңынан бар әскерімді жұмсап, қан жоса етейін бе? Жоқ, өйтудің керегі
болмас. Торғай өзенінің бойы да менің қарамағымда ғой. Кетсе өз жеріне кетті,
|