Бірге:
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Мұхамеджан
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
Ринат
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Серікболсын
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Аида
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Нұрай
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Олжас
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
Әсет
Атам маған қашан да,
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
Әлідос
Қалдыр атын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
Арсен:
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек: -Ағай ғафу етіңіз! Алға қарай өтіңіз.
-Оқасы жоқ, ұланым, Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды жақсы көріп нұрланды.
Көрініс:
"Әже мен балалар"
Дүкенге бір қарт әже келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі
тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке
келе жатқан еді. Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп , қарт әжені
көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады.
Қыз бала одан.
-Ана кісі сенің анаң ба ? -Жоқ, анам емес.
Жеңгең бе ? Жоқ, жеңгем емес.
-Әлде әжең бе ? Жоқ ,әжем емес .
Танисың ба? Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала
таңырқап қалады.
-Сонымен балалар сендер осы көріністен не түсіндіңдер?
(балалар өз ойларын айтады).Әже не деді балаға? (рақмет).
-Ал, сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет,
кешірініз)
Достарыңызбен бөлісу: |