Аналарыңызға арнап тілек жазу Үйге тапсырма: «Бесік жырын» жаттау.
Бағалау. * * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің бейнелеу, сызу пәнінің мұғалімі Сайыпов Болатбек Сайыпұлы І. Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларына иллюстрация.
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: кеңістіктегі сұлу табиғатты көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін
суретке салуға машықтандыру.
ә) тәрбиелілігі: ойы жүйрік, рухани дүниесі бай нәзік сезім иесін тәрбиелеу, табиғатты аялай үндеу.
б) дамытушылығы: оқушыларды әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету
шығармашылық белсенділігін дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
ІV. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап т.б.
V. Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән және музыка.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: 1. Абайдың портреті.
2. Жылдың төрт мезгіліне арналған суреттер.
3. «Желсіз түнде жарық ай» шығармасы бойынша салынған сурет.
VІІ. Сабақтың құрал жабдықтары: ақ қағаз, қарандаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, бояу түрлері т.б.
VІІІ. Стратегиялары: 1. Ой қозғау стратегиясы.
2. Қызығушылықты ояту стратегиясы.
3. Ой саралау стратегиясы.
4. Ой толғау стратегиясы.
ІХ. Сабақтың жүру барысы: 1.
Ұйымдастыру бөлімі.
2.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.
Қандай сурет жанрын білесіз:
а) графика ә) қолөнер б) пейзаж
2. Пейзаж дегеніміз не?
а) жансыз нәрселер бейнесі
ә) табиғат көрінісі
б) адам бейнесін бейнелеу
3. Пейзаж жанрымен айналысатын қазақ суретшілері:
а) А. Әшимов
ә) Ш. Жиенқұлова
б) Ә. Қастеев
4. Анималист нені бейнелейді?
а) жануарларды
ә) құстарды
б) жиhаздарды
5. Натюрморт дегеніміз не?
а) жансыз нәрселердің жиынтығы
ә) құстардың жиынтығы
б) түрлі жиhаздар
6. Мүсін қандай материалдан орындалады?
а) саз балшықтан
ә) бояумен
116
б) карандашпен
7. Негізгі бояу түстері қандай?
а) қара, көк, жасыл
ә) қызыл, көк, сары
б) ақ, қызыл, сия көк
8. Апликация деген не?
а) металға ойылған сурет
ә) қағаз қиындыларынан құрастыру
б) ағащқа ойылған сурет