-Балалар, бәріміз тақтадағы ребусты шешеміз.
( Балаларға ребусты шештірткіземін)
-Дұрыс айтасыздар, ребустан «Көктем» сөзі шықты.
-Балалар, қазір қай мезгіл?
-Көктем.
-Ендеше, «Көктем» мезгілі туралы кім айтады?
-Жауап.
-Өте жақсы.
Психологиялық тренинг жүргізу
Музыка ойналып тұрады.
-Балалар, кеудемізді жазып, терең тыныстап, көзімізді жаймен жұмып, рахат сезімге бөленіп отырайық. Біз әдемі табиғат
аясында отырмыз, жан-жағымызда әдемі гүлдер, гүлдердің үстінде әсем көбелектер қонып жүр, бетімізге көктемнің самал
желі сипап өткендей, алыстан құлағымызға құстардың дыбыстары естіледі. Көздерімізді жаймен ашамыз.
-Балалар қандай күйге бөлендіңдер?
-Шаттық күйге ендік.
-Балалар, осы сезімізден айырылып қалмай тұрғанда, бүгінгі сабағымызда көктемді бейнелейік.
Мына сурет бойынша көктем мезгілін бейнелейміз. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек.
-Олай болса, көктем мезгілінде Жер-ана неден жылу алады?
-Күннен
Ендеше, күннің тапсырмасын орындауымыз керек.
-Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.
Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу.
Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмысын жүргізу.
(Сөздік жұмысын жүргіземін)
-Балалар, Жер-анамыз күннен жылу алып, тіріліп, гүлдеріміз өсіп, ағаштарымыз бүршік жаруы керек.
Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
-«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқимыз.
(Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын сұрау)
-Өте жақсы, енді, тірек сызбамен жұмыс жүргізу. (тірек сызбамен жұмыс жүргізу)
-Өте жақсы. «Көктем» мезгілдеріне байланысты кім маған өлең мен тақпақтар айттып береді?
(бес-алты баладан сұраймын)
-Енді, көктем сөзіне дыбыстық дыбыстық талдау жүргіземіз.
-Өте жақсы, осы көктем мезгілдерінде болатын өзіне тән өзгешіліктерді айтамыз.
(тірек сызбамен жұмыс). Табиғат мерекелер n жан-жануарлар
-Өте жақсы. Балалар, біз көктемде нені қарсы алуымыз керек. -Құстарды.
-Құстарды шақырмас бұрын біз құстарға не дайындауымыз керек? -Ұя.
-Ендеше, ұя жасау үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек. Өлеңді құрастыруымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: