ІІІ. Үш топқа қасиетті сандарға байланысты тапсырмалар береміз. «Бәйге» жарысы.
13.
Топқа- 7 саны ; 2- топқа -5 саны; 3 – топқа – 3 саны.
Жеті қазына Жеті күн Жеті ғашық
Сұлу әйел Дүйсенбі «Ләйлі-Мәжнүн», «Фархат-Шырын,
Жүйрік ат Сейсенбі «Сейфүл-Мәлік», «Жүсіп-Зылиқа»,
Құмай тазы Сәрсенбі «Қорлы- Ғайын» т.б.
Берен мылтық Бейсенбі
Ер жігіт Жұма
Қыран бүркіт Сенбі
Жексенбі
•
Қане кім жеті жетімді, жеті жарғыны айтып береді?
•
Жеті атасын кім біледі?
•
Бөлтірік шешеннің 7 санына байланысты айтқан шешендік сөзін кім біледі?
1 оқушы
Жеті атаңды біл,
Жеті руды біл.
Жеті жарғыны біл
Жеті құбыланы біл.
Жеті жақсыны біл.
Жеті жаманды біл.
Жеті жетімді біл.
•
Тағы кімнің қосары бар?
•
Оқушы
Бөлтірік шешен мен Сыпатай арасынан қыл өтпейтін тату дос болады.Бір күні сөз үстінде Сыпатай Бөлтірікке «Жеті жетім»
бар дейді соны айтып берші,- дейді.Сонда Бөлтірік:
•
Аспаннан жауын жаумаса, жер жетім,
•
Басшысы болмаса ел жетім.
•
Елінен айрылған ер жетім,
•
Аққу-қазсыз көл жетім
•
Тыңдалмаған сөз жетім,
•
Киюсіз қалған тон жетім,
•
Замандассыз қалған шал жетім,-дейді.
Жеті жұт, жеті жақсы т.б туралып айту.
ІY. Ал , келесі топ «бес» санына байланысты не тапты екен?
«Ер қаруы- бес қару» деген: шоқпар, садақ, найза, қылыш, айбалта.
5)
Ұлы ақын Абайдың қай өлеңінде «бес» саныны байланысты айтылған өлең жолдарын кім айтады?
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.Бес дұшпанға: еріншек, бекер мал шашпақ, өсек,
өтірік, мақтаншақ.
Осылай 5 санына байланысты да кете береді.
Үшінші топтың тапсырмалары дәл осындай етіп тапқан.
«Үш» санына байланысты ұғымдар:
Үш жұрт
Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты
Достарыңызбен бөлісу: |