Малтабар Айзаттың орындауында: «Мектебім, аяулы мектебім» әні.
1-Жүгізуші:
Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз!Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар!Бүгінгі төл
мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық
тілейміз.
«Мектеп-білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» демекші, ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жана берсін!Ұлағатты ұстаздар!
Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар!
2-Жүргізуші:
Ұстаздар қартаймасын , қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын,
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан сіздерді айырмасын.
Жақсылық атаулыға жақсы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар,
Баланы сусындатып өсіруге.
Білімнің бұлақ көзін аршығандар.
Құрметті оқушылар, ұстаздарымызды әрқашанда құрметтеп сыйлап, олардан алған білімімізді іске жарата білуіміз керек.
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз.
Екі жүргізуші:
Мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар!
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Физика пәнінің мұғалімі Жиембаева Гүлмира Іскендірқызы
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Оқушыларға механикалық қозғалыс тақырыбын түсіндіру арқылы нақты білімді жеткізе
отырып тұжырымдау.
Дамытушылық:
Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Оқушының физика пәніне ынтасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз бетінше оқуға,
ізденуге тәрбиелеу.
60
|