Қаныш Сәтбаев Имантайұлы Қазақтың Қанышы (1899-1964) орындаған алгашов Нурбол Эм-2020-1



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.11.2023
өлшемі76,75 Kb.
#194263
  1   2   3
Байланысты:
презентация к адебиет



Қаныш Сәтбаев Имантайұлы 
Қазақтың Қанышы (1899-1964)
ОРЫНДАҒАН
Алгашов Нурбол Эм-2020-1


Қаныш Сәтбаев өмір баянның басы

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей 
губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге – Ғабдул-
Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима 
«Ғаниым, Ғанышым» деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. 
Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен 
сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ 
мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы – Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан 
Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас – Жүсіпбек Аймауытов.

Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика 
мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика 
факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша 
сабақ алады.

1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай 
Семейде қалуға болмайтындығын айтты.


Қаныш Сәтбаевтың атқарған 
қызыметі
1920 – 1941 жылдары – Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, 
Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы 
қызметтерін атқарған.
1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары 
институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының 
орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
1952 жылы – әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР 
Геология институтының директоры болып тағайындалған.
1955 жылы – Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына 
дейін осы қызметті атқарған.

1947 жылы – Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына 
Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты 
сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, 
қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті
.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет