Мен енді өзімнің соншалықты дəрменсіздігіме, күйректігіме
қынжылдым. Бірақ күнде өзімді-өзім «Ешкімнің арын аттағам жоқ,
несіне қынжылам» деп жұбатумен болдым.
Бұл кезде мен жүмыстың қызығына түсіп кеткен едім. Күндіз-түні
кітапхана залдарында, университет лабораториясында, ғылыми-зерттеу
институттарында болам. Диссертацияға қажетті материалдарды
жинаймын. Жатақханаға түнделетіп кеш қайтып жүрдім.
Бір күні кешке келсем, менің жататын кереуетімді біреу балконға
шығарып қойыпты. Бөлменің ортасында ұзын стол қойылған. Үсті
толған тағам. Ішімдік. Болбырап піскен кесек-кесек ет. Уылжыған алма,
мөп-мөлдір жүзім. Дастархан тұнып тұр.
Түгіне түсінбей, диванда үндемей кітап оқып отырған Раушанға
қарадым.
Достарыңызбен бөлісу: