Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
Тоқсанбаева Н.Қ
Басқару жүйесіндегі қарым-
қатынастың коммуникативті
түрі
[мәселелік дәріс]
Коммуникациялық процесс
– бұл адамдар арасындағы ақпарат алмасу, оның
мақсаты берілетін және алынатын ақпаратты түсінуді қамтамасыз ету болып
табылады.
Коммуникацияның негізгі функциялары:
1) ақпараттық — шынайы немесе жалған мәліметтерді беру;
2) интерактивтік
(түрткі)
— адамдар арасындағы өзара іс — қимылды
ұйымдастыру, мысалы, ықпал етудің әртүрлі нысандарын: ұсыныс, бұйрық,
сұрау, сендіру қолдана отырып, іс-әрекеттерді келісу, функцияларды бөлу,
сұхбаттасушының көңіл-күйіне, сенімдеріне, мінез-құлқына әсер ету;
3) перцептивтік функция – қарым-қатынас жөніндегі серіктестердің бір-бірін
қабылдауы және осы негізде өзара түсіністік орнату;
4) экспрессивті – эмоционалды күйзелістердің сипатын қоздыру немесе өзгерту.
Мәселелік сұрақ:
ұжымда осы аталған негізгі функциялар қаншалықты
деңгейде маңызды болып табылады? Бұл функцияларсыз ұжым – ұжым бола
ала ма?
Ақпаратты беру мүмкін:
-басқа тұлғаларға;
-тапсырмаларды орындау үшін.
Ақпаратты беру мынадай бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:
а) жоғарыдан төмен: міндеттер қою (не, қашан істеу керек), нұсқау (қалай, кім),
б) төменнен жоғары: орындалуы туралы хабарламалар; тексерулер туралы
хабарламалар; қызметкердің жеке пікірі туралы хабарламалар;
в) көлденең бағытта:
- пікір алмасу,
- әрекеттерді үйлестіру,
- жоспарлау,
- орындалу туралы хабарламалар
Мәселелік сұрақ:
аталған ақпарат берілу бағыттарының әрқайсысының
маңызы туралы атап өтіңіздер. Бұл бағыттар не үшін қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |