370
XXIX Тарау. Психиатриядағы ургентті жағдайлар
маңыздылығын ұмытпаған жөн. Қазіргі кезде барлык ірі калаларда кризистік
ситуацияларда телефондык көмек кызметі («Сенім телефоны») кұрылуда.
Шизофрения
кезінде суицидалды жүріс-тұрыс императивті галлюцинация-
лармен, ипохондриялык сандыракпен байланысты болуы мүмкін. Кейде
тұлғаның жеңіл шизофрениялык дефект фонында апатиялы наукастарда «экс
перимент» жүргізу тәрізді («не болатынын көру кызыктырды...» күгпеген суи
цидальды әрекеттер орын алуы мүмкін, осындай суицидтің мүмкіндігін алдын-
ала болжау өте киын.
Суицидальды жағдайлардың барлығы созылмалы психикалык аурулармен
байланысты деп санау дұрыс емес. Суицид себептері ауыр өмірлік жағдайлар,
отбасылык ұрыс-керістер, коммерциялык сәтсіздіктер, сүйіктісімен айрылысу,
ауыр физикалык дерт, жалғыздык болуы мүмкін. Статистика бойынша ерлер,
әйелдермен салыстырғанда, 3 есе жиі өмірлерін өзіне кол жұмсаумен аяктайды.
Бірак әйелдер суицидалды әрекеттерді, ерлермен салыстырғанда, 4 есе жиі
жасайды. Осындай әрекеттерді жиі 15—40 жас аралығындағы адамдар жасайды,
бірак егде адамдарда ол талпыныстар жиі өліммен аякталады.
Достарыңызбен бөлісу: