Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ЭЛЕКТРО Ф ИЗИО ЛО ГИЯЛЫ Қ ЗЕР ТТЕУ



Pdf көрінісі
бет46/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЭЛЕКТРО Ф ИЗИО ЛО ГИЯЛЫ Қ ЗЕР ТТЕУ
Электрофизиологиялық зерттеу негізінде мидың функциялықжағдайын 
әр түрлі электрлік құбылыстарды қолдану арқылы анықтау жатыр. Сондықтан, 
электрофизиологиялық зерттеу функционалды диагностика әдісі деп те атала- 
ды. Психиатриялық тәжірибеде электроэнцефалография, реоэнцефалография 
және эхоэнцефалография қолданылады.
Электроэнцефалография —
мидың функциялық жағдайын көрсететін элек- 
тропотенциалдарды тіркеу болып табылады.
Мидың электропотенциалы өте аз, 100-150 мкВ-ке дейін. Мұндай әлсіз 
потенциалдарды тіркеу үшін күшейткіштер қолданылады. Қалыпты жағдайда 
ми биотоктарын бас терісі арқылы белгілі бір жылдамдықпен жүріп тұрған 
(30 мм/с) қағаз лентаға жазып алады.
Қазіргі кезде бір мезгілде бастың бірнеше жерінен электропотенциалды 
жазатын 4 -2 4-ке дейін каналы бар электроэнцефалографтар ойлап табылған. 
Электроэнцефалограмма функционалды жүктемелер арқылы науқастың 
босаңсыған сергектігі жағдайында жасалады: гипервентиляция, жарықпен және 
дыбыспен стимуляциялау, фармакологиялық сынамалар т.б. Бұл тыныштық 
жағдайындағы ОЖЖ-нің электрлік белсенділігін ғана емес, әр түрлі сыртқы 
әсерлерге мидың жауап реакциясын анықтауға да мүмкіндік береді. ЭЭГ-ны 
терең зерттеу үшін белсенді сергектік жағдайында, яғни, адам ой еңбегімен 
шұғылданғанда немесе әр деңгейдегі ұйқы жағдайында зерттейді. ЭЭГ 
қорытындысын визуальды және санау машиналарына жалғанған анализатор


Электрофизиологиялық зерттеу
99
құралдарымен анықтайды, ЭЭГ қорытындылаған кезде мынадай параметрлер- 
ге көңіл аудару қажет: жиілікке, амплитудасына, электропотенциалдың ауытқу 
конфигурациясына, тербелістің жиілігіне және олардың жойылуына. Жиілік 
белгілі уақыт бірлігінде (1 с) тербеліс саны бойынша анықталады. Жиілік бой- 
ынша биоритмдердің мынадай түрлері белгілі: альфа ырғақ (8-12 тербеліс/с) 
бета ырғақ (13-25 тербеліс/с.), гамма ырғақ (25-30 тербелістен ж оғ-ры ), дель­
та ырғақ (0 -3 ), тета ырғақ (4-7). Секундына жиілік ырғағы 8 -3 0 арасында 
болса, жылдам деп атайды, аз жиілікті тербелістер болғанда, баяу толқындар 
жөнінде айтылады. Амплитуда деп ЭЭГ электропотенциалының тербелісінің 
көлемін айтамыз.
Альфа толқын конфигурациясы синусоидты, ал бета және гамма конфигу- 
рациясы ұшы үшкір болғандықтан үшбұрышқа ұқсайды; баяу толқындар кон- 
фигурациясы әр түрлі болады: синусоидты, дөңгелек, үшкір болуы мүмкін. Осы 
айтылған ырғақты толқындардан басқа, ЭЭГ-де де ырғақсыз толқындар бар. 
Олар сырттай үшкір толқындарға ұқсас, бірақ ұзақтығы аз болады. Бұл 
толқындардың амплитудасы фонды потенциалдың амплитудасынан жоғары 
ж әне кейде 100-1000 мкВ дейін жетеді. Ш ың ж әне үшкір толқындар баяу 
толқындар комплексіне кіреді. Мұндай комплекстер «шың — толқын», «үшкір 
толқын — баяу толқын» деп аталады. Ырғақсыз биоэлектрлік толқындар ЭЭГ 
фонында ұзақ әр түрлі пароксизм тәрізді айқын көрінеді. Бұндай разрядтар 
жоғары амплитудалы альфа, бета, гамма, дельта толқындардан, сонымен қатар 
үшкір толқындардан немесе олардың баяу толқындары комплексінен тұрады. 
Аталған ырғақсыз белсенділік формасы патологиялық жағдай болып есептеледі. 
Мидың әр бөлігінде ЭЭГ компоненттерінің таралуы әр түрлі. Мидың шүйде 
бөлігінде альфа ырғақ басым, мидың алдынғы бөлімінде тез және баяу ырғақтар 
көбірек. Қалыпты жағдайда ЭЭГ жазғанда мидың симметриялы аудандарында 
көрсеткіштер бір типті болады.
Дені сау ересек адамның ЭЭГ-да сергектік жағдайында 100 мкВ аспайтын 
амплитудалы альфа ырғағы басым. Шүйдеден маңдайға қарай жүрген альфа- 
ырғақ амплитудасы азаяды. Бұл жерде таралған бета-ы рғақ амплитудасы 
15 мкВ жетеді. Дені сау адамның баяу толқындары ЭЭГ-да амплитудасы 
бойынша негізгі ырғақтан аспау керек, ол ұйымдасқан пароксизм тәрізді және 
жазылу уақытының 15 пайызын алады. Психикалық белсенділіктің жоғарылауы 
(мысалы, қиы н ой жұмыстарын орындағанда) Э Э Г-да өзгерістер туады, 
альф аырғақ жиілеп амплитудасы қысқарады. Пассивті ж әне босаңсыған 
сергектік жағдайында альфа ырғақтың кері өзгерістері бақыланады. Қысқа 
уақытта сыртқы тітіркендіргіштің кенеттен әсер етуіне байланысты альфа 
ырғақ екі секундқа дейін жоғарылайды. Сы ртқы тітіркендіргіш ретінде 
ж ары қты ң ж арқы лы н немесе дыбыстың қы сқа уақыт әсерін қолданады. 
Ырғақты фотостимуляция кезінде науқастың электрлі потенциалының сыртқы 
ырғақты әсерлерді қайта өңдеу қабілетін зерттейді. Бұл — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет