кіріптар болған емес, сырттан олар жартымсыз, тек өз мекендерінде кездеспейтін нәрселерді ғана: бақалшық, бояу, обсидиан және т.б. алды. Мұндайда «саған әдемі бақалшық берейік, сапалы шақпақтасқа айырбаста» дейтін айырбасты іске қосты. Аграрлық революция басталғанда да көп ештеңе өзгере қойған жоқ. Адамдар бұрынғысынша ұйысқан шағын ұжымдарымен өмір сүр- ді. Аңшылар мен терімшілер тобы сияқты әрбір қоныс толыққанды эко- номикалық қауым болды, экономикалық байланыстары өзара қызмет көрсету мен міндеттер арқалауға, сондай-ақ сыртқы әлеммен ептеп айырбас жасауға сайды. Біреу шәркейді жақсы тікті, ал біреуі емшілік- ке төселіп алған, міне, сондықтан көршілер жалаңаяқжүруден зәрезап болса немесе ауырып-сырқап қалса, кімге жолығу керегін білді. Бірақ тым шағын қоныстың қоры өте шектеулі еді, етікшіні де, емшіні де «то- лык еңбеккүнінде» ұстауға шамасы жетпеді. Қалалар мен патшалықтар пайда болып, көліктік инфрақұры- лымның дамуына орай жаңа мүмкіндіктер ашылды. Көп тұрғынды қалаларда кәнігі етікшілер мен дәрігерлер ғана емес, ағаш уста- лары, діни қызметкерлер, заңгерлер мен солдаттар тебе көрсетті. Бір қоныс тұрғындары - шарабымен, келесісі - зәйтүн майымен, үшіншісі қыш ыдыстарымен даңқын шығарды; енді олар нақ осы тауарды өндіруге мамандану пайдалы екенін және оған басқа жа- тақтар мен қалалардан керек нәрселерін айырбастап алуға бола- тынын ұқты. Бұл ақылды қадам еді. Топырақ пен климат барлық жерде бірдей емес, ауа райы мен топырақ құнары жүзімдікке қолай- лы өңірлерден дәмі тіл үйірген сусындар ағылып-төгілсе, өз жүзім- дігіңнен сыққан нашар шарапты малданып керегі не? Маңайдағы 156