көп, біз ойлағаннан әлдеқайда көптеу жол бар. Мәселен, Африканы жаулап алудың бүге-шігесін қаперге ала отырып, нәсілдік иерархия- ның тал бойында табиғи немесе қашып құтыла алмайтындай ешнәрсе жоқ екенін және де басқа кездейсоқ жағдайларға тап келгенде, бүкіл әлем көзімізге басқаша көрінетінін түйсінер едік. 2. Соқы р клио Тарихтың әлдеқандай таңдау жасауының себептерін түсіндіре алмаймыз, бірақ бір маңызды нәрсені атап көрсетеміз: ол ешқашан адамдардың мүдделерін басшылыққа алмайды. Кезекті тарихи аралық кезеңде адамдардың бұрынғыдан тәуір өмір сүргеніне ешқандай дәлел жоқ. Адамдарға жайлы болған мәдениеттің гүлденіп, үздіксіз тарала бергеніне, ал қалғандардың құрып кеткеніне де ешкім куә емес. Манихейліктен гөрі христиандық әлдеқайда сәтті таңдау 212
А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІК Т ІР У болғанына да немесе Сасанидтер әулеті билеген Парсы империясынан Араб халифатының тәуір екеніне де ешкім дәлелдеме келтіре алмайды. Тарих адамның пайдасына орай қызмет ететініне де айғақ табылмай- ды, өйткені бізде ондай пайданы дәйекті өлшеуге арналған өлшем де жоқ. Әртүрлі мәдениетте игілік әркелкі бағаланады, ал оларды салыстыра қа- раудың объективті өлшемдері қалыптаспаған. Жеңімпаздар әрқашан өз- дерінің игілікке берген анықтамасын дұрыс санайды, бірақ жеңімпаздарға сенуге тиіспіз бе? Христиандардың айтуынша, христиан дінінің манихей- лікті жеңіп шығуы адамзатқа пайда әкелді-міс, бірақ христиан танымын жақтамайтындар осынау тұжырыммен келісуге міндетті емес қой. Мұсыл- мандар Сасанидтер империясының ислам билігіне бағынуы адамзат үшін пайдалы болды деп есептейді. Бірақ бұл тек ислам жолын ұстанғандарға