рефОрМАтОры
Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың
көсемі, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» ұлттық кеңесінің,
«Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы мемлекет және қоғам
қайраткері, түркітанушы, қазақ тілі мен әдебиеттанудың не-
гізін қалаушы лингвист, ақын, мысалшы, «Қазақ» газетінің
ұйымдастырушысы әрі шығарушысы, бас сарапшы, сталин-
дік қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы 1872
жылы 5-қыркүйекте
1
қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңірі
Сарытүбекте дүниеге келген.
А.Байтұрсынұлының қазақ елінің тарихында зор бетбұрыс
жасаған ұлы өзгерістердің ұйытқысы болғаны баршаға мәлім.
Ұлттың ұлы ұстазының жан-жақты қоғамдық-саяси қызметі
мен еліміз тарихында алатын орнын көрсету тарихшылар
еңбектерінде оң шешімін тапқан. Солардың ішінен академик
М.Қозыбаевтың «Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың ұлы
реформаторы», «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»
2
, жа-
зушы Әбіш Кекілбаевтың «Ұлт ұстазы», «Ұстаз ұлағаты»,
3
тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиевтің
«Алаш қозғалысы», «Саяси элита және ұлт мүддесі», «Ахаңдар
аялаған азаттық рухы»
4
атты ғылыми зерттеулерін ерекше атап
өту қажет.
1
Қызметкерлерге арналған сауалнама. Орыс тілінде. Қазақстан Республикасының
Орталық мемлекеттік мұрағаты, 81-қор, 1-тізбе, 1652-іс, 11-12-парақтар. (Бұдан әрі
– ҚР ОММ, 81-1-1652, 11-12 п/п); Қазақ халыққа білім беру институтының оқыту-
шылары мен қызметкерлеріне арналған сауалнама (КИНО). ҚР ОММ, 81-1-1652, 52-
53-п/п.; Ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты. ҚР ОММ, 81-1-1652, 1-п.
2
Қозыбаев М. Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың ұлы реформаторы // Ұлттық
рухтың ұлы тіні. – Алматы: Ғылым, 1999. 103-121 бб.; Ғасыр қасіретін арқалаған
арыстар // Егемен Қазақстан, 1994, 12 тамыз.
3
Кекілбаев Ә. Ұстаз ұлағаты. Ұлттық рухтың ұлы тіні. – Алматы: Ғылым, 1999. 81-103 бб.
4
Қойгелдиев М. Алаш Қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 230 б.; Саяси элита және
ұлт мүддесі // Ұлттық рухтың ұлы тіні. – Алматы: Ғылым, 1999. – 195-210 бб.; Ахаңдар
аялаған азаттық рухы // Қазақ әдебиеті, 1990. 1 қараша.
4
Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясының
жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігі
үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға. 1919 жылы Қазақ
революциялық комитетіне мүше болып тағайындалды яғни
Кеңес өкіметі кезінде де жоғары қызметтер атқарды: Қазақстан
Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби
Комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық
Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комис-
сариаты Академиялық орталығының жетекшісі, Алматы, Таш-
кент жоғары оқу орындарының профессоры болды.
А.Байтұрсынұлының жары Бадрисафаның шын аты – Алек-
сандра. ҚазССР Жоғарғы Сотының 25/06.1990 жылғы №12/118
«Ақтау туралы анықтамасына» сүйенсек, Бадрисафа 1878
жылы Орал өңірінде туған. Оның Бадрисафа аталуына онымен
некелескенде, Ахмет Байтұрсынұлының жарына мұсылманша
есім таңдап алуы себеп болса керек.
Ілияс Байтұрсын «Алтын бесік» (Қостанай, 1998) атты кіта-
бында Бадрисафаны Ахметтің туыстары «Ақ келін» деп ата-
ғанын еске түсіріп, бұл атауға оның алтын мінезі толық сәйкес
келгеніне тоқтала келіп: «Ведь «бадрун» в переводе с арабс-
кого означает «полная луна», а «сафа» «кристально чистая»,
– деп жазады.
Алты Алаштың ардақтысының Қарқаралыда атқарған қо-
ғамдық қызметі туралы толық мәліметтермен тарихшы М.Құл-
мұхамедтің «Алаш ардагері. Жақып Ақбаев»
5
атты еңбегінен
танысуға болады. Кітапта: «Байтұрсынұлы 1909 жылғы 1 шіл-
деде тұтқынға алынып, түрмеге қамалды», – деп жазылып,
бұл мағлұмат: «А.Байтұрсынұлының зайыбы Бәдрисафа Бай-
тұрсынұлына Дала генерал-губернаторына телеграмма са-
лып, онда А.Байтұрсынұлының Қарқаралыда қамауға алынып,
Семейге жөнелтілгенін, түрмеде отырғанын хабарлаған. Ол
А.Байтұрсынұлы жөнінде партиялық негізде қазақтар жалған
айып тақты деп санаған еді. «Енді күйеуіме қырғыздарды өкімет
орындарына бағынбауға итермеледі деген айып тағылып отыр
дейді. Осындай ауыр айып тағылғанына қарамастан, тергеу осы
кезге дейін жүргізуге кірісілген жоқ» (ҚР ОММ, 64-қ., 5832-іс,
5
Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері Жақып Ақбаев. – Алматы: Жеті жарғы, 1996.
54-55 бб.
5
51-52-п.). Ол тергеу жүргізудің тездетілуін, ал, егер оған негіз
жоқ болса, оны қамаудан босатуды сұраған.
Алайда телеграммаға: «Босату туралы өтініш қабылдан-
басын», – деген бұрыштама соғылды»
6
, – деп толықтырылған.
А.Байтұрсынұлының:«Қош, сау бол, Қа... жуылмаған, Айдай
бер, қалса адамың, қуылмаған», – деп басталатын өлеңі ақын-
азамат өмірінің осы кезеңінен хабар береді.
Аталған кітапта: «Алашорда қайраткерлері халықтардың
өзін өзі билеу құқығын жариялап қана қоймай, сонымен бір-
ге Түркістан автономиялы республикасын құрып, РКФСР Ұлт
істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімін
ашқан Кеңес өкіметі жағына көз тікті. Байтұрсынұлы Кеңес
өкіметі жағына шығып, Қазақ әскери-революциялық комитеті
мүшелерінің бірі болды. Ол Алашорда қайраткерлерін кеңес
құрылысына тарту жөнінде белсенді қызмет жүргізді. Алашор-
да бағдарламасын іске асырудың басқа жолы болмағандықтан,
ол оны кеңестік автономия арқылы жүзеге асыруға болады деп
санады»
7
, – деп жазылған.
А.Байтұрсынұлы, қандай қиын-қыстау жағдайға тап болса
да, ұлт мүддесін, серіктестерін ешқашан сатпағанын, адам-
гершілік-азаматтық бағытынан қылдай ауытқымағанын, Қазақ
өлкесі Әскери-революциялық кеңесінің қазақ халқын бірік-
тіру және оны Кеңес өкіметі жағына тарту туралы мәселені
қараған 1919 жылғы 27 қазанда өткен мәжілісінде сөйлеген сөзі
арқылы тағы да бір рет дәлелдеді. Осы мәжілістің хаттамалық
жазбасында кездесетін: «Байтұрсынұлы жолдас мыналарды
ұсынды: 1) Қырғыз ревкомы қырғыздарға кеңес өкіметінің
қырғыз халқына жалған емес, шын мәнінде автономиялық
өзін өзі басқаруды бергенін айқын көруі үшін дербес іс-қимыл
көрсететін болсын; 2) барлық қырғыздарға, соның ішінде
ақтар жағында Кеңес өкіметіне қарсы күресіп жүрген Торғай
және Орал алашордашыларына Кеңес өкіметі жағына өткен
жағдайда кешірім жариялансын және 3) жергілікті жерлер-
де Кеңес өкіметі халық сенімін қамтамасыз ететін мейлінше
ақылға қонымды іс-әрекет жасауға және сол арқылы ақтар
6
Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері Жақып Ақбаев. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. 85-б.
7
Сонда, 95-б.
6
жағында жүрген және Кеңес өкіметіне сенбестікпен қарайтын
адамдардың Кеңес өкіметі жағына өтуіне жәрдемдесуге шара-
лар қолданатын болсын»
8
деген жолдар осының айқын айғағы.
Жалынды да ойлы көсем сөз шебері, баспагер әрі ұйымдас-
тырушы А.Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін осы тұрғыдан пай-
далануды ұсынып, бұл басылымның алдына қойған мақсатын
«халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп тап басып көрсетті. Бас
редактор ретінде ол сол кездегі білімді, зерделі азаматтардың
басын қосып, оқу-ағарту, ұлт, жер мәселелерін батыл көтерді.
Бұл газеттің қазақ ұлты тарихында алатын орны қандай? де-
ген сауалға жауап іздесек, М.Әуезовтің 1923 жылғы лебізі ойға
оралады:«Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде
пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып
отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң
ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, іші-
не жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі – қазақтың
ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен
өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш. …Қазақтың
еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім
ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның
салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ»
газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын
қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін, ұйықтаған
қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып
қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет
қылып алған Ақаңның екпіні болатын»
9
.
Осы орайда белгілі ғалым, тарих ғылымының докторы
К.Нұрпейіс былай дейді: «Міржақыптың «Оян, қазағындағы»,
Ахметтің «Масасындағы» ұлттық намысты қайрау, халық са-
насын ояту идеялары «Қазақтың» беттерінде нақтыландыра,
өткірлендіріле түсті. Осы арқылы олар халық арасында отарлық
езгіге қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастырды»
10
.
Халқымызды жарқын болашаққа бастауда бар ғұмырын
арнаған Ақаңның есімі тек ХХ ғасырдың соңында ғана өз елі-
8
Алашорда. Құжаттар жинағы. Құрастырған Н.Мартыненко. – Алматы: 85-б. (Бұл
үзіндінің аудармасы М.Құл-Мұхаммедтің көрсетілген еңбегінен алынды).
9
Әуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. – Алматы:
Жалын, 1991. 17-18 б.б.
10
Нұрпейіс К. Ахмет Байтұрсынов – аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері //
Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы, 2001. 11-б.
7
мен қайта қауышты. 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР
Жоғарғы соты А.Байтұрсынұлының қылмысы жоқ деген шешім
қабылдап, оның ақталуына жол ашты.
ҚКП Орталық Комитетінің «М.Жұмабаевтың, А.Байтұр-
сынұлының және Ж.Аймауытовтың творчестволық мұрасы
туралы» (1988) қаулысы қазақ елінің рухани өміріне үлкен
серпіліс әкелді. Бұл есімдерді бұрын естімеген біздің ұрпақ-
қа көп кешікпей осы тізімді жалғастырып ақталған Ш.Құдай-
бердиев, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев,
Қ.Кемеңгерұлы, Ғ.Қарашев, Х.Досмағамбетұлы, М.Тыныш-
баев, т.б. қайта басылып шыққан кітаптарындағы тұжырым-
дылық пен дәлдік, мазмұндылық, көркемдік пен шеберлік әсер
етті. Ұлт ғылымын, мәдениетін, әдебиетін жаңа, биік деңгейге
көтерген осынау буынның Темірқазығына айналған тұлға
Абай екені олардың арнайы мақалаларынан байқалады. Бұл
классикалық мұраны мойындап, оны түсінуге және әрі қарай
дамытуға ұмтылыс еді.
А.Байтұрсынұлы реформаторлық тұрғыдан мақаласының
атына өзекті, өзінің замандастары ғана емес, бүгінгі ХХІ
ғасырда мойындалып отырған тұжырым қояды яғни Абайдың
«Қазақтың бас ақыны» екенін өзге жұртқа да, өзімізге де
жете ұғындырады. Осы зерттеуінде классикалық мұраның
кейінгі қазақ әдебиетіндегі орнын нақтылап берді. Бүгінгі
абайтанушыларға сара жол нұсқап, Абай шығармашылығының
өзіндік ерекшеліктерін, терең ғылыми негізге сүйене отырып,
тұңғыш рет ашып көрсетті: «Сөзі аз, мағынасы көп, терең…
Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сы-
рын, қасиетін қармап жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп
жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың
біліміне сын болып, емтихан болып табылады».
Мақалада А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылда-ақ «шығар-
машылық» категориясы ұғымына нақты теориялық анықтама
берді: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға
керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі
керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылдық керек.
Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі
де болған», – деді деген ой қорытындысын жасайды. Демек,
қазақ әдебиеттануында Абайтанудың берік іргетасы қаланды.
8
«Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге бойына біткен
зеректіктің үстіне Абай әр түрлі Европа білім иелерінің кі-
таптарын көп оқыған... Сондықтан Абайдың терең пікірлі
сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады.
…Тіпті,«Осының мағынасы не?» деп сұрағандары да бар.
Сол өлеңді алып қарасақ, айтылған пікірде, айтуында еш кем-
шілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда... Түсінбесе,
ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере
алмағанын көрсетеді. Абайды тегіс танып, тегіс білуі керек»,
– деп түйіндеген А.Байтұрсынұлы ойларын өсиет етіп ұсынып
қана қоймай, шығармашылығы арқылы іске асырды. Оған
«Қырық мысал» мен «Маса» жинақтары айғақ.
Бұл суреткерлік көзқарастың А.Байтұрсынұлы стиліне ті-
келей әсер еткенін М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың «Абай»
журналының 1918 жылғы 5-санында «Екеу» деген бүркеншік
есіммен жарияланған «Абайдан соңғы ақындар» атты мақа-
ласында қазақтың бас ақынынан кейінгі орынға қоюға бола-
тын тоғыз ақынның есімін атап, оларды үш жікке бөлуінен
аңғарамыз: «Екінші жіктің өлеңшілері – А.Байтұрсынұлы,
С.Дөнентаев, Шаһкәрім, Б.Өтетілеуов. Бұлардың өлеңінің
сырты төгілген, сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына,
оқуына жеңіл, тәтті. Бұлардың өлеңінің сезім мен тәрбие-әсері
аз, ақылға азығы бар. Бұлар – халықшыл (народник) ақындар.
Ана ақындардан бұлардың сөзінің халыққа бір атасы жақын
тұрады».
Яғни: «Ойына сөзі дәл, тілге жайлы, көркем, халықтың кере-
гіне, кемшілігіне ғана арналған өлеңдер А.Байтұрсынұлынікі.
Ахмет өлеңдерін ақындық еркі билеп, қиял ермегі айдап
шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге, мұңлы, мұқтаж,
терең мақсат түртіп шығарады. Біресе ызамен зекіп айтып,
біресе зарланып, шермен айтып, біресе ақыл қылып, сипап ай-
тып, не қылса, халықтың көзін ашпақ. Өлеңінде толғанған ой,
толқыған шердің көп ізі бар, бірақ бұған қарап, қиялы шалқып,
шарықтап кетпейді. Ылғи халықтың нәзіктенбеген сезімімен,
жетілмеген ұғымымен есептесіп отырады. Ахметтің көзге
түсерлік бір өнері – переводқа шеберлігі»
11
, – деп, ақынның
жазу тәсілінің мазмұндылық түрін атап айтады.
11
Әуезов М.О. Абайдан соңғы ақындар // Шығармаларының 50 томдық жинағы. І-т.
– Алматы: Ғылым, 1997. 93-94 бб.
9
Орыс әдебиетімен етене таныс А.Байтұрсынұлының мысал
жанрына көңіл бөлуі де тегін емес еді. Мысал жанрының шағын
көлемді туындылары арқылы маңызды ойлар айта білудің, оны
астарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екендігін жете сезінген
А.Байтұрсынұлы әлеуметтік ортаға ықпал ету үшін «Қырық
мысал» жинағын 1909 жылы Петерборда жариялайды. Бұл
кітапқа енген мысалдар көлемімен де, сюжеттік дамуымен де
өзге сөз зергерлері туындыларынан дараланып тұрғаны айқын.
Жоғарыда атап өткеніміздей, зерттеушілердің айтуы бойынша
бұл мысал жанрындағы негізгі заңдылықтардың бірі: бұрыннан
белгілі сарынның негізінде дүниеге келген мысал сол автордың
шеберлігінің арқасында төл туынды болып кете беруі түсінікті
жай. Оған дәлел – Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов мысалдары-
на арқау болған сюжеттік жүйенің ортақтығы.
Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы мысалдарында халықара-
лық сюжеттік жүйенің мазмұны қазақ өміріне бейімделін-
ген, сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұраны-
сына қажетті ойлармен толықтырылып тұр. Крылов шығарма-
ларындағы 10 тармақты «Шымшық пен көгершін» атты мысал-
ды А.Байтұрсынұлы 32 жолға дейін ұлғайтып, мүлдем басқа
туынды деңгейіне көтереді. Ақын қосқан ойлары арқылы бұл
мысалды қазақтың төлтума рухани мұрасына айналдырды.
Мұндай ерекшелік «Өзен мен қара су» мысалына да тән:
…Меңзеймін қара суды, қазақ, саған,
Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан.
Барады қатар жұрттың бәрі озып,
Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.
Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді,
Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан.
Өткізіп уақытты өкінерсің,
Пәледен, басқа келмей, деймін сақтан.
Қазағым, сал құлағың нақылыма,
Түсініп айтқан достық ақылыма.
Сөз емес еріккенде ермек еткен,
Айтамын жаным ашып жақыныма.
Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең,
Боларсың қара судай ақырында.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары мен жақсы-
жайсаңдарының ел қамы үшін белсенді саяси әрекетке баруы-
10
на түрткі жасау мақсатын «Малшы мен Маса» мысалында бы-
лайша нақтылай түседі:
…Мысалы, қазақ – малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан.
Пәленің түрін көретін мен – Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын: «Осы сөз де жетеді,– деп,
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді
Қорқамын Сары масадай етеді деп.
ҚР ҰҒА-ның академигі, профессор Р.Нұрғалиевтің «Ақ жол»
жинағының алғы сөзінде қазақ ақын-жазушылары мысалдары-
ның ерекшеліктерін: «Абай аудармалары Крылов түпнұсқасы-
мен көбіне-көп дәлме-дәл келеді. Спандияр Көбеев 8 мысалды
қара сөзбен баяндаған. Ал, А.Байтұрсынұлы аудармаларында
сюжет сақталғанмен, жаңа ойлар айтылады... Крыловтың он
жолдық» Шымшық пен Көгершін» мысалы А.Байтұрсынұлы
аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма, «Өгіз
бен Бақа» орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, «Қасқыр мен
Тырна» орысшада 19, қазақшада - 76 жол, «Арыстан, Киік һәм
Түлкі» орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, «Қасқыр мен Қозы»
орысшада – 37, қазақшада 68 – жол, «Ағаш» орысшада – 31,
қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға,
қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып,
жаңа ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын еме-
уірін, ишара, меңзеу, астар, мысалмен берілген ойлар «Маса»
(Орынбор, 1911) кітабында ашық, анық, нақты айтылады»
12
,
– деп анықтай түседі.
А.Байтұрсынұлының «Маса» жинағындағы «Cөз иесінен»
атты беташар өлеңінде «Маса» деп отырғаны өзі екенін ұқтыра
келіп, шығармашылығының басты нысанасын:
…Ызыңдап ұшқан мынау біздің Маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын Маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл Маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
12
Нұрғалиев Р. Алып бәйтерек // Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. – Алматы: Жалын,
1991. 7-б.
11
Ұйқысын, аз да болса, бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса», –
деп атап көрсетеді.
Бұл жинаққа «Маса», «Сөз иесінен», «Жазушының қана-
ғаты», «Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Достыма
хат», «Жиған-терген», «Анама хат», «Тілек батам», «Жауға
түскеннің сөзі», «Адамдық диқаншысы», «Бақ», «Тарту», «Қа...
қаласына», «Жұртыма», «Жұбату», «Н.Қ. ханымға», «Ақын
ініме», «И.Б. жездеме хат», «Жауап хаттан», «Ғылым», «За-
мандастарыма» сияқты төлтума өлеңдерімен қатар Вольтер,
А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ю.В.Жадовская, С.М.Надсон
сияқты Ресей, Еуропаның ақындарының өлеңдерінен аударма-
лар мен автордың үш мысалы енген екен.
Ақындыққа таласы барын А.Байтұрсынұлы «Оқу құралы»
жинағының беташары ретінде жазылған «Тарту», «Ер Сайын»
жинағына алғы сөз іспетті «Г.Н.Потанинге тарту» өлеңдері-
мен паш етті. Бүкіл шығармашылығына терең ішкі мазмұн мен
сыртқы түрдің үйлесімділігі тән, соған сәйкес ол туындылар-
дың сипаттары айрықша. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының
«Оқу құралы» (1926) «Би исми-иллаһи-рахман-рахим» сөзімен
ашылса, ақынның өлеңдерінде кездесетін діни түсініктер
(Алла, Құдай, Хадис, аят, Лаухул-Мағфуз, Иман, Лат-Манат,
он екі имам әулие, жиырма сегіз әмбие, т.с.) мен діни аңыз
кейіпкерлерінің аты (Әбіл мен Қабыл) оның діни білімінің де
жоғары екенін айқындай түседі.
Өлең – ақынның ішкі өмірінің айнасы болса, А.Байтұрсын-
ұлының лирикалық кейіпкерінің қолданатын сөздерінің діни
маңыздылығы да оның осындай мағыналы, терең тұжырым-
дарды қолдана білуінде. Бұндай сөздер елдің бәріне түсінікті
болмауы да мүмкін. Ол үшін белгілі білім деңгейі қажет.
А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары сол кездегі
шарттарға сай мұсылман білімін меңгергендері мәлім.
А.Байтұрсынұлының лирикалық кейіпкері шындықты айта-
ды, ол – білімге, жігерлікке ұмтылған намысшыл ел қорғаны.
Бұл өлеңдерге дейін елін сынап отыру, оның кейбір кемшілік-
терімен күресу, елі үшін күңірену Дулат, Шортанбай, Махам-
бет, Шернияз өлеңдерінде кездескенімен, еліне қамқоршы бола
білу, өзін елі үшін жауапты санау Абайдың ғана өлеңдерінде
айқындалған, эстетикалық мұрат еді. А.Байтұрсынұлының
12
ақындығы Абайдан мирас болып қалған классикалық поэзия-
ның осы жағын, осы әуенін дамыта түскен. Лирикалық кейіп-
кер елін маса болып шағып, оның намысын, жігерін оятуға бет
алған. Сондықтан болар азаматтық сарыны басым бұл өлеңдер
сол кездегі зиялыларға ерекше әсер еткені белгілі.
А.Байтұрсынұлының біліктілігін, ойлау жүйесінің кеңдігін,
оның тіршілікке деген көзқарасын «Тілек батам» атты өлеңінен
аңғаруға болады:
…Иә, Құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян: мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап.
Аят пенен хадисте
«Адал ниет, ақ іске,–
Жаңылмасам, жоқ еді,–
Жаза тартсын» деген бап...
…Қатты айтты деп кектемей,
Сыйынғанды тек демей,
Он екі имам әулие,
Жиырма сегіз әмбие, –
Қолда, өңшең аруақ!...
…Мұны көріп көзіміз,
Бірігер деп сөзіміз.
«Кен болар»,– деп балшықты,
«Көл болар»,– деп шалшықты
Біз үмітпен қазып ек.
Дәреті жоқ аяқтар,
Қорсылдаған саяқтар
Былғамасын қасыңды,
Қасиетті басыңды, –
Дегеніміз болмаса,
Қазаққа не жазып ек?!
Қазақ тіл ғылымының теориялық негізін орнықтырған
А.Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттануының дамуына тіке-
лей атсалысқан ғалым. Осы ретте ең алдымен «Әдебиет
танытқышты» атау қажет.
«Қазіргі қазақ тіл біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттану-
ындағы әдеби терминдердің басым көпшілігінің баламаларын
13
ойлап тапқан да Ахаң: Көріктеу, меңзеу, ауыстыру, алмастыру,
кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу
... – осылардың бәрінің түп-тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар
Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» дейтін әлдиінің әдебиет
аясындағы бір нақты да затты көрінісі – осы». Демек, «Әдебиет
танытқыштың» ең басты бағалылығы осылайша әдеби тер-
миндерді қазақша қалыптастырғандығы», – дейді академик
З.Қабдолов.
1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» әдебиеттану,
оның ішінде әдебиет теориясы саласында қазақ тілінде жа-
рық көрген тұңғыш ғылыми еңбек екені даусыз. «Әдебиет
танытқыш» деп атаудың өзінде үлкен мағына бар. Әдебиет
– сөз өнері болса, оны халыққа түсіндіріп, оның көркемдік ере-
кшеліктерін, адамгершілік, кісілік яғни имани, рухани сипатта-
рын таныту әдебиетшілердің, зерттеушілердің қасиетті парызы
екенін А.Байтұрсынұлы осы екі сөзбен ғана түсіндіріп кетті.
Әдебиет деген не? Бұл сауалға бүгін дайын жауап бар ма? Осы
орайда академик З.Қабдолов былай дейді: «Ахаң жоқта бізде-
гі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал, басы жоқ
дене бола ма? Қайтейік, болады деп келдік...
Бүкіл дүниежүзілік әдебиет теориясында Арнау деген бір-
ақ түр шауып шықса, бұған Шешендік сұрау қосылып қана аз-
дап ажарлануы мүмкін. Ал, қазақ поэзиясында Ахаң осының
үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып,
құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді».
Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі
арнауды әрқайсымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде
тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов
та, Қабдолов та) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал не,
бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай,
Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық...»
13
.
Қазақ өлең құрылысының теоретигі, академик З.Ахметов
«Әдебиет танытқыштың» құндылығын былай деп анық-
тады: «Әдебиет танытқышта» негізінен поэтика, стилисти-
ка, өлең құрылысына қатысты мәселелер көбірек сөз болады.
Автор тілші-ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының
ерекшеліктерін осы мәселелерге байланысты тексеріп талдай-
тыны түсінікті. Автор поэзия тілінің бейнелілігін, сөз қолдану
13
Қабдолов З. Ахаңның әдеби қисындары // Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. 72-б.
14
тәсілдерін мұқият зерттеп, теңеу, ауыстыру (метафора), ал-
мастыру (метонимия), шендестіру, арнау, қайталақтау, дамыту,
бүкпелеу секілді ұғымдарды әдеби термин ретінде қолданады.
Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін, «оралым»,
«қайшы оралым» деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді.
Қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындай, бунақ,
тармақ, шумақ ұғымдарын қалыптастырады.
14
Демек, қазақ әдебиет теориясының өлең құрылысының бас-
ты терминдерін Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырғаны тек
тәуелсіз кезде анықталды.
«Әдебиет танытқышта» бұл орайда көркем сөздің тек-
тері мен түрлері «адамның жан қоштау керегінен шыққан»
нәрселерге жатқызылады. «Нәрсенің жайын, күйін, түрін,
түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады.
Қазақша – асыл сөз, арабша – әдебиет, еуропаша – литерату-
ра»… Және оның басқа ғылымдардан айырмашылығын айта
кетеді: «Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша
сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын,
қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі
ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға
болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді».
«Әдебиет танытқышта» әдебиет пән сөздерінің қазақша ба-
ламасы көңілге қонымды әрі сәтті түрде қолданысқа енгізілген.
Әр категория өзінің логикалық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар
түсінік ретінде айқындалады. Мысалы: «Байымдаманың зор
мүшесі төртеу: бастамасы, ұсынбасы, баяндамасы, қорытпасы».
Яғни әр тұжырымның ішкі заңдылықтары ашылып, парадигма
ретінде дәлелденеді.
Қара сөз бен дарынды (көркем) сөздің айырмашылығын
Ахмет Байтұрсынұлы нақтылап көрсетеді: «Қара сөз әдебиетте
пікір, сүлде түрінде айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет
түрінде шығады яғни сүлде үстіне өң, ажар, жан, мінез, қылық
беріліп, тұрпайы тұлға, түс, бітім, тірі нәрсе болып шығады.
Сондықтан да дарынды сөз – көркем сөз деп аталып, қара
сөздер – жалаң сөздер деп айтылады». Ғалым мұнымен шек-
телмей, осы екі түрлі сөзді қалай тануды, олардың дұрыстығын
қалай айқындауға болады деген сауалдарға жауап береді: «Қара
сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексеріл-
14
Ахметов З. Бүкіл қазақ «Ахаң» деген. // Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы, 2001. 64-б.
15
се, көркем сөздің сынында пікір дұрыстығының үстіне пікірге
берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі
сүлде, әрі сурет – екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан,
оның сынында мынандай сұраулар боларға керек».
А.Байтұрсынұлы ғылыми түсініктің негізін жалғастырып,
нақтылай түседі. Демек, қара сөз «шығарманың сүлде жағының
сыны» болса, көркем сөзге басқа міндеттер жүктеледі: 1.
«Мазмұны дұрыс па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл
– шығарманың сүлде жағының сыны. 2. Көркем сөз табы-
на шын қосарлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан
үйлестірілген оқиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс су-
реттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме?
Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы ойды өрнектеп, көрнектеп,
суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? Ақылдың
аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс
жеткізе алған ба?». Әдебиет теориясындағы стиль, әдеби тіл,
талдау, көркемдік, сюжет категорияларын А.Байтұрсынұлы
осылай түсіндіріп кетті.
Көркемдік түсінігінің, көркем шығарманың белгілері қандай
деген сауалға А.Байтұрсынұлы екі түрлі талап қою керек екенін
айтады: «Көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын болады. Тысқы
сындар: 1) Тілдің лұғатының сыны яғни тілдің дұрыстығы,
анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнектілігі, әуезділігі, өрнектілігі
жағының сыны». Яғни шығарма тілінің стильдік ерекшелік-
тері, бүгінгі лингвистикалық талдауға сай тысқарғы жағын
бөліп айтады. Ғалым бұдан ішкі сындарды бөліп алады, де-
мек, бұл әдебиеттану, әдебиет теориясының еншісі, теориялық
талдаудың объектісін нақтылайды: 2) «Суретінің сыны: кес-
тесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп, суреттеуінің сыны.
Ішкі сындар: 2) Алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген
қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс, бүтіп шығу,
шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған нәрсенің
болатындығының себебін дұрыс көрсеткен-көрсетпегенінің,
адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пай-
да-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны. Көркем сөзді
сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел жұмсалады».
Ахмет Байтұрсынұлы теориялық талдаудың, әдебиеттің,
көркем сөздің басты мақсатын жоғарыдағы тұжырымның
соңғы сөйлемінде қорытынды ретінде түйіндейді. Бүгінгі
16
әдебиеттанудағы аксиологиялық әдістің мән-жайын осылай
алға тартады. Демек, тек маңызды, ұлағатты көркем сөз ғана
сынға түсуі абзал. Және оның тысқы және ішкі сынға түсуіне
лайықты көрнекті түрі мен ұлағатты мазмұны болуы шарт.
Бүгінгі әдебиет теориясындағы «мазмұнды түр» – «содержа-
тельная форма» деген категорияның сырын түсіндіреді.
Қазақ әдебиет теориясының басты терминдерін, түсініктерін
А.Байтұрсынұлы сонау ХХ ғасырдың 20-жылдары анықтап
берген екен. Бұл – өз алдына мойындалып отырған ғылыми
факт. Бірақ басты ой – «Әдебиет танытқышта» ұсынылған
жаңа концепцияда: 1. Әдебиеттің өз даму заңдылықтары бар
екені және олар тікелей саясатқа, идеологияға байланысты
емес екені жөніндегі тұжырымдар. Яғни «сөз өнері» деген тер-
мин «халықтың ежелден келе жатқан әдебиеті» деген ұғымды
білдіреді. Оны «ауызша», «жазбаша» деп бөлудің өзі ойдан
шығарылғаны екені айтылады. Әдебиеттің ресми жазба түрі
бар деп бөліп-жару соцреализмнің ойлап шығарғаны болып
шықты: бір әдебиетті жоғарылату үшін екіншісін төмендету
керек болды. А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Ауыз шығарманы
«ауыз сөз» деп қана атап, жазба шығарманы «сыпайы әдебиет»
деп танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілде-
гі әдебиет есебіне жүріледі». 2. Әдебиетті өз категориялары
арқылы түсіндіруге шақырады яғни «пән сөздері» басты міндет
атқаруын басып айтады. Сонда зерттеу мағыналы болып шығып,
зерттеушінің жалпылама көпсөзділіктен бас тартуына әкеледі.
Бұл қағида дәлелсіз бос мақтаулардан да сақтандырады.
3. Көркемдік әлемнің құдіреті тікелей жазушының ішкі ру-
хани бостандығымен байланысты екенін айтып, осы орайда
Абайдың, Мағжанның шығармаларын мысал ретінде келтірудің
бүгінгі мәні керемет емес пе?! «Әдебиет танытқыштағы» біз
бүгін ұмытқан діндар дәуір жанрларының атаулары: мінәжәт,
намыс толғау деген түсініктердің өзі ой салады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» (IV-VI
ғғ.) еңбегі: «Хақ жолындағылар тарихы» деп аталса, оның
соңы «Алла Тағалаға мінәжәт айтумен» аяқталады. Кеңес
кезінде өшірілген бұл мінәжәт жанры туралы мәлімет А.Бай-
тұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» ғана кездеседі.
Бұлар бізге бүгін қажетті әдеби талдаулардың үлгісі емес пе?!
17
4. Зерттеушінің кітабына кең ауқымды ойлау қабілеті тән.
«Біздің қазақ Еуропа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз беті-
мен жетілдіргенде, қазақ айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе ба-
рып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні
даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті
бізде төтеннен шығып қалды». Бүгінгі әдебиеттанудағы «син-
кретизм», «типология», «әдебиеттердің қарым-қатынасы»,
«сюжеттердің ұқсастығы» деген мәселелер туралы «Әдебиет
танытқышта» А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Жер жүзіндегі
жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне көбінесе ұқсас
келеді. Ондай ұқсас себебі олар шыққан заманда халықтың
бәрі бір қолында өскен балалар сияқты көргені, өнегесі, үлгісі
бір болған».
5. А.Байтұрсынұлының пайымдауынша, көркемдік заңды-
лығы біреу ғана және ол барлық тілдегі әдебиеттерге ортақ. Де-
мек, «адамның жан қоштау керегінен шыққан» әдебиет – «асыл
сөз». Сондықтан «Сөздің асыл болатын сырын білген адам
сөзді сынай біледі». Өйткені: «Жүйірік аттың белгілі сипаттары
сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипат-
тарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады». Әдеби стиль,
даралық стиль көркемдік шеберлік категорияларын ғалым осы-
лай таныта түседі.
6. Ресей ғалымы М.Бахтиннің «роман теориясы» бойынша
дүниежүзілік әдебиетте роман – ең соңғы жанр, сондықтан ол
– сол тілдегі әдебиеттің жазу жүйесінің қорытылған нәтижесі
ретіндегі жанр. Роман өзіне дейінгі болған басты, керекті
сөйлеу түрлерін жаңғыртып отыру қабілетіне ие. Демек, роман
жанры осындай жан-жақты баяндау, жазу тәсілдерін, жазба
естелігін, жадын (память жанра!) меңгеріп, өзінің оларды оята
білу мүмкіндігіне орай басқа прозалық түрлерге әсер ете ала-
ды.
М.Бахтиннің «романизация стиля» деген тұжырымымен біз
1970 жылдары танысып, таң қалып жүрсек, А.Байтұрсынұлы
бұл қағиданы сонау ХХ ғасырдың 20-жылдары түсіндіріп
кетіпті. А.Байтұрсынұлы қазақ прозасының өзіне тән ерек-
шеліктеріне байланысты бұл құбылысты сол кезде былайша
пайымдайды: «Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып
бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәрінде
18
де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыс-
тан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан
айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып,
оралып келе қоятын аттарша бастайды». Яғни басты мәселе
«айтылу аудандарында» ғана екен.
7. Романның көтеретін жүгін әңгімеге де артуға болады
екен. М.Бахтиннің «романдық стиль – повесть, әңгіме мен
басқа жанрларға да үстемдік етеді» деген әйгілі қағидасын
А.Байтұрсынұлы 1926 жылы, Ресей ғалымынан отыз жыл
бұрын айтып, дәлелдеп қойған екен.
Романның стилінде қорытылып, жинақталатын ұлттық
сөйлеу жүйесінің жанрлық түрлері туралы қағиданы («речевые
жанры») А.Байтұрсынұлының қазақ сөз өнерін талдай оты-
рып айтқан пікірлерінен де ұшырастырамыз: «Ұлы әңгімеге
жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп бере-
тін тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші
адамдардың ірілі-уақты істері болатындықтан, ол істер бірі-
не-бірі ұласып, бір-біріне оралып, байланысып, шиеленісіп
жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес.
Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп, уақиғаларды
жақсы қиыстырып, сыйыстырып шығару көп жазушылардың
қолынан келе бермейді.
Ұлы әңгіме жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс –
барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік
керек». Демек, роман стилін жүйелей келе, А.Байтұрсынұлы
оны «айтылу түріне қарай: әуезе, толғау, айтыс» деп жіктей-
ді. Бұл атаулардың негізін де аша түседі: «Әуезелеуші айта-
тын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған
істі әңгіме қылады. Әуезе – тысқы ғалам турасындағы сөз...
Толғау – ішкергі ғаламның күйі. Толғау – іш қазандай қайнаған
уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы,
жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілін, күйін
толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне са-
лып, толғай алуда». Яғни «Сөйлеу жүйесінің мақсаты – сөйлеу
жүйелерін меңгеріп, сөзден нендей нәрселер жасап шығаруға
болатындығын көрсету», – деп түйіндейді А.Байтұрсынұлы.
8. Көркем туындыны талдағанда, оның ішіндегі осы көр-
кемдікті тудыруға тікелей ат салысатын қатысушыларды А.Бай-
тұрсынұлы былай деп анықтапты: «Асыл сөздің сипаттарын
19
білу тыңдаушыға да қажет. Абайдан кейінгі сөзге талғау кіреді:
айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды. Олай болғаны
– Абай асыл сөздің нұсқаларын айқындап көрсеткенінің үстіне,
аз да болса, асыл сөз сипаттарын айтып та, жұртты хабардар
қылды. Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген
өлеңінде жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ ақындары мен
тыңдаушыларының жоғарыда айтылған асыл сөзді танымай-
тын надандықтары да айтылып, мағлұмат берілген».
9. А.Байтұрсынұлының еңбектерінен сыпайылық (коррект-
ность!) пен әдебиетті танытуға бейімделген жоғарғы этикалық
деңгей есіп тұр. Талдаулар, жүйелеу тәсілдері осы ғылыми
мақсатқа қызмет атқаруға бағындырылған. Оның тек «пән
сөзінде» сөйлеуі мен әдебиет теориясының негізін салып кет-
кендігін біз бүгін мойындауымыз қажет.
А.Байтұрсынұлы әдебиет теориясының терминдерін, талдау
жүйелерін қазақша сөйлетіп, ғылыми тілдің деңгейін сол кезде
көтеріп тастағанын біз бүгін мақтаныш ете аламыз.
Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке арымен беріліп, оған
адал қызмет еткен А. Байтұрсынұлы еңбегінің Қазақ елі тари-
хында алатын орны айрықша зор екенін 26 жастағы заманда-
сы – М.Әуезов былайша тұжырымдапты: «Ақаңның бұрынғы
айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі
сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті са-
рыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жа-
тыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын:
Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,
Кім қалды таразыға тартылмаған,
– деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып
келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақаңның ғана
ардақты атын атаймыз…
Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң
салған әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса»,
«Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласы-
на істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған
қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын»
15
.
Бұдан артық айта алмаспыз. Бұл ұрпақ бірінің қадірін бірі
15
Әуезов М.О. Ақаңның елу жылдық тойы // А.Байтұрсынов. Ақ жол. – Алматы:
Жалын, 1991. 20-б.
20
біліп, бір-бірін сыйлап, бағалай білген. Бұл шынайы иманды
тектіліктің үлгісі екені сөзсіз.
А.Байтұрсынұлы Совет кезінде жазықсыз жазаланып, өзі
қудалауға ұшырағанымен, оның еңбектері аты аталмай, сіл-
темесіз пайдаланылып, ғылыми айналымда жүрді. Ғалымның
ғылыми мұрасы тек қайта құру тұсында ұлт игілігіне айналып,
қазіргі қазақ ғылымына ұлы төңкеріс жасады.
Оқырманға жаңадан ұсынылып отырған алты томдықтың
құрылымы төмендегідей:
Бірінші томға «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, әр жыл-
дары шыққан кітаптарының беташары ретінде жазылған
өлеңдері мен көркем сөз өнері туралы ғылыми-теориялық зерт-
теулері – «Қазақтың бас ақыны» және «Әдебиет танытқыш»
енгізілді.
Екінші томға кезінде араб графикасымен жазылған, қазіргі
әрпімізге тұңғыш рет 2004 жылы шығарылған А.Байтұр-
сынұлының Т.Шонановпен бірге жазған «Оқу құралы» хрес-
томатиясы қайта толық беріліп отыр. Бұл кітап Қызылордада
1926-1927 жылдары екі рет басылып шығарылған екен.
Үшінші томға «Тіл құралы» (1914, 1915, 1924), «Баяншы»
(1920), «Тіл жұмсар» (1928) атты оқулықтары мен тіл мәселе-
лері туралы мақалалары топтастырылды.
Төртінші томға «Оқу құралы» (1912), «Әліб-би» (1928), «Са-
уат ашқыш» (1926) атты әліппелері, жазу, емле, терминология
және оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалары енді.
Бесінші томға «Ер Сайын» (1923), «23 жоқтау» (1926) жинақ-
тары, кейін табылған туындылары, көсемсөздері топтастырыл-
ды.
Алтыншы томға А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұ-
расы туралы жазылған ғылыми зерттеулер енді.
«Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген өлеңнің жалғыз
тармағына сыйғызылған ұран Отан алдындағы адалдықтың
жарқын өнегесін көрсеткен Ахмет Байтұрсынұлының қажырлы
күрес және шығармашылық жолының Темірқазығы болып
табылатыны оның кез-келген еңбегінен, тіпті сөйлемінен де
аңғарылатыны аян.
Достарыңызбен бөлісу: |