Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз


VI БӨЛIМ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ



Pdf көрінісі
бет39/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk

VI БӨЛIМ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
71-
бап жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

71-
бап
2022 ж. 17.09. № 142-VII ҚР 
Заңымен
1-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 19 қыркүйектен 
бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр. ред. қара

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бір 
судьядан тұрады, олардың өкілеттігі сегіз жылға созылады.
Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала 
алмайды.
2. Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен 
Республиканың Президенті тағайындайды.
3. Конституциялық Соттың төрт судьясын 
– 
Республика Президенті, Конституциялық 
Соттың үш
-
үш судьясын тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.
Республика 
Президенті 
Конституциялық 
Сот 
Төрағасының 
ұсынуымен 
Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының 
арасынан тағайындайды.
4. Конституциялық Соттың судьясы қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, 
ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметтерді 
атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы 
органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
5. Конституциялық Соттың судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға 
алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын 
қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, 
Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
6. 
Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен 
реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет