Министерство науки и высшего образования республики казахстан


ӨҢІРІМІЗДЕГІ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет141/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

ӨҢІРІМІЗДЕГІ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ
БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ
ҚАДИРХАН Б.
оқушы, 10 сынып, №18 ЖОББМ, Екібастұз қ,
КУЛЬМАГАНБЕТОВА Р. А.
Жаһандық құзыреттілік, тарих пәнінің мұғалімі, №18 ЖОББМ, Екібастұз қ.
Біздің заманымызда қоғамның өндірістік күштері дамуының ең 
басты көрсеткіші – өндіріс және жылуды тұтыну дәрежесі. Сонда 
жетекші рөл атқаратын жылу энергиясы – энергияның әмбебап және 
пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергия тұтыну дүние жүзінде 25 
жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну 
орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл – энергия ресурстарын 
жұмсаумен байланысты процестер саны үсті-үстіне электр 
энергиясына көшеді деген сөз. Электр энергиясын өндіру. Электр 
энергиясын үлкенді – кішілі электр станцияларында негізінде 
электр механикалық индукциялық генераторлар арқылы өндіріледі. 
Электр станциясының негізгі екі түрі бар жылу және гидроэлектр 
станциялары. Бұл электр станциялардың бір-бірінен айырмашылығы 
генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштарының әр 
түрлілігінде. Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде 


258
259
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш 
сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары 
не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық 
бу турбиналы ірі электр станциялары (қысқаша ЖЭС). Біздің 
еліміздегі жылулық ЖЭС-тің дені отын есебінде көмір тозаңын 
жұмсайды. Содан 1 кВт сағ. электр энергиясын өндіру үшін бірнеше 
жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отынның шығаратын 
энергиясының 90%-дан көбі буға беріледі. Турбинада бу ағынының 
кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор 
білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары өте 
шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады 
[1. 127 б.].
Сурет 1 – Екібастұзға енгізілген төтенше жағдай.
27.11-8.12.2022 жыл
27 қарашада түнгі сағат 01:20 уақытында «Екібастұзэнерго» 
ЖШС-ның №11 жылу қазандығы тоқтап, 01:30 шамасында үлкен 
көлемдегі желілік су шығынына байланысты, №13, 14 және 15 
қазандықтар істен шыққан. 28 қарашада Екібастұз қаласының әкімі 
жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала аумағында техногендік 
сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады. Апат салдарынан 
көпқабатты 17 тұрғын үй және бірнеше әлеуметтік, заңды тұлға 
нысандары жылусыз қалды. Осының салдарынан қаладағы 
кейбір үйлердің батареяларына жылу беру қарқыны төмендеді. 
«Павлодарэнерго» АҚ оның себебін түсіндірді. Жұмысшылар шұғыл 
әрекет етіп, істен шыққан қазандықтарға жөндеу жұмыстарын 
жүргізді. Қалаға берілетін жылудың темпетурасы 47 градусқа дейін 
төмендеді Бүгінгі таңда жағдай тұрақтанып, жұмыс бақылауға 
алынды. Қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. [2. 48 б.].
Бүгінгі таңда жаһандық құзыреттілік оның жаһандық 
проблемаларды зерттеудегі рөлі туралы білімді жетілдіру аса 
маңызды. Мұны біз 3 нақты жаһандық мәселелер арқылы 
қарастырамыз. Жаһандық мәселе, адамның қажеттілігіне 
ықпалы. Сондай-ақ мұндағы мақсатымыз адамның жаһандық 
қажеттіліктеріне жаһандық оқиғалардың ықпалын талдау. Олар 
саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер,
табиғи-экономикалық сипаттағы мәселелер, әлеуметтік сипаттағы 
мәселелер. Бүгінгі таңда білім алушылар жаһандық құзыреттіліктерді 
қандай мақсатпен игеруі тиіс? Жаһандық құзыреттілік – жергілікті, 
ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу, 
басқалардың көзқарасы мен дүниетанымын түсіну және бағалау, 
әртүрлі мәдениетке жататын адамдармен ашық, тиісті деңгейде 
және тиімді өзара әрекеттесу, ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму 
үшін әрекет ету қабілеті. Адамның жаһандық құзіреттіліктерді 
игеруі өмір бойы жүреді: адам осы салада толығымен сауатты 
болатын нақты бір кезеңі болмайды. [3. 368 б.]. 
Білім алушылар жаһандық құзыреттіліктерді қандай мақсатта 
меңгеруі тиіс?
Көп мәдениетті қауымдастықта үйлесімді өмір сүру. Соңғы 
онжылдықтарда адамдардың ұтқырлығы күрт өсті, әртүрлі 
қауымдастықтардың мәдени әртүрлілігі өсті және ұлттық, 
аймақтық, муниципалды, жергілікті деңгейлерде сәйкестендірудің 
жаңа формалары пайда болды. Білім беру жастарды көп мәдениетті 
қауымдастықтарда өзара әрекеттесуге және мәдени наным-сенімдер 
мен стереотиптерге қарсы тұруға үйрете алады. 
Сурет 2 – Екібастұзда зардап шеккен үйлер.
Жылу құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілу сәтінен 
07.12.2022 жыл
Жедел штабтың Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтауды 
қалпына келтіру жөніндегі штабының жедел атқарған қызметінің 
нәтижесінде 7 желтоқсан жағдай тұрақталып, барлық зардап 
шеккен үйлерге жылу берілді. Энергия көзі штаттық режимде 
жұмыс істеуін бастады. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен 


260
261


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет