208
Көптеген жағдайда жүйке ауруларынан тағы басқа да
соматикалық ауытқуларды ажырату мүмкін бола бермейді.
Сондықтанда әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер аурудың түрін
өзінше пайымдап, пікір-таластар туғызуға мәжбүр болады.
Нейрохирургтар нерв жүйесі құрлымдарының қызметі бұзылу
белгілерін іздестіру арқылы жүйке ауруларын анықтауға мүмкіндік
алады. Ол үшін орталық жүйке жүйесі және шеткері жүйке
жүйесінің бұзылыстарының клиникалық белгілерің шеберлікпен
тексеру білуі қажет, және алынған мағлұматтарды дұрыс
тұжырымдай білуі қажет.
Студенттермен жас мамандарға арналған оқулықтың бірінші
бөлімінде Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының, жүйке
жүйесінің әр түрлі деңгейдегі құрлымы, атқаратын қызметі және
патологиялық ауытқулары, жаңа диагностикалық әдістері,
нейрохирургиялық оталардың жаңа түрлері, кәзіргі заманға сай
аппараттарды қолдану әдістері туралы қажет деректер баяндалған.
Сонымен қатар бас сүйек қуысы қысымының көтерілуі мен
төмендеу белгілері, менингеальдық ликворлық синдромдар, жүйке
жүйесі зақымданған сырқаттарды тексеру кезінде қазіргі заманда
қолданылып жүрген әдістер толығынан сипатталған. Сондай-ақ
мұнда рентгенологиялық, электрофизиологиялық, нейрофизиоло-
гиялық, және клиника-генетикалық зерттеулер арқылы алынған
деректерді клиникалық тұрғыда түсіне білудің маңызына ерекше
көңіл бөлінген, үйткені оның нерв жүйке ауруларын анықтаудағы
рөлі айрықша зор.
Нейрохирургия кітабының бірінші томында балалар
нейрохирургиясы бойынша тақырыптар жеткіліксіз. Қәзір қазақша
резидентура арқылы дәрігерлер дайындауға, нейрохирургия пәні
бойынша қазақша оқулық жоқ. Сондықтан рецензент д.м.н.
профессор С.К. Акшолақовтың қолдауымен бұл оқулық осы кезде
өте қажет болып отыр. Ендігі кезеңде сын-ескертпелеріңіз болса
ризашылықпен қабылдап, оны келесі басылымдарда ескеретін
боламын.
Достарыңызбен бөлісу: