— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін


— 17 — dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы



Pdf көрінісі
бет10/114
Дата08.12.2023
өлшемі4,12 Mb.
#195608
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 17 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
Брэнсонның алдына қойған мақсатына жетпейінше 
жаңа істі бастамайтын жақсы әдісі бар екен. 
Бастапқыда бұл әдісті әдетке айналдыру мүмкін емес 
секілді көрінеді, алайда талпынған адам мақсатқа 
жетеді. Жоғарыда көрсеткен мысал оның айқын 
дәлелі.
Өзіңді дамыту үшін ақшаны аямау.
«Адам үнемі өзін дамыту керек» деген сөзді 
әрбір миллионердің кеңесінен байқаймыз. Себебі, 
қаншалықты көп білсең, соншалықты мүмкіндікке ие 
боласың. Демек, жан-жақты даму үшін қаржы салуды 
әдетке айналдыру керек. Осы тұста миллионерлердің 
тағы бір әдетін атап өтейік. Ауқатты адамдар ақшаны 
рахат өмір сүру құралы емес, ең алдымен, жинақ пен 
инвестиция деп есептейді. Сондықтан, ай сайынғы 
табыстың кемінде 10%-ын жинақ шотына салуды 
ұмытпаңыз. Бай адамдар тіпті көп қаржы бөледі екен: 
олар өз табысынан 20%-ға дейін инвестициялайды. 
Көптеген сарапшылар «50-30-20» ережесін ұстануды 
ұсынады. Бұл дегеніміз, 50% табысты ең қажетті 
нәрселерге жұмсайды, 30% — жаңа киім немесе саяхат 
сияқты заттарға және қалған 20% жинақ шотына 
салады.
Өзіңе жұмыс істеу.
Статистикалық деректерге сәйкес
миллионерлердің 2/3 бөлігі жеке кәсіпкерлер. 
Сондай-ақ, The Economist деректері бойынша, 
миллионерлердің жартысынан астамының өз бизнесі 
бар, олардың тек 16%-ына ғана байлық мұраға қалған. 
Сонымен қатар, миллионерлер бір жерден ғана табыс 


 — 18 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
табуды жөн көрмейді, сондықтан бірнеше кіріс 
көзінен пайда алуды әдетке айналдарған.
Ақшаға негізгі мақсат емес, құрал ретінде 
қарау. 
Қазіргі миллионерлердің ортақ ерекшелігі 
— ақшаға табынбау. Олар мақсаттарына жетуге 
тырысады, ал ақша сол жолдағы бонус іспетті. 
Сондықтан, өмірдің мәнін ақшадан іздеудің қажеті 
жоқ, тек бөлшек ретінде қараңыз. Ал бай адамдардың 
қатарына тез қосылуға көмектесетін ең нәтижелі 
әдет — өз ісіңді сүю. Қолға алған жұмысыңызды 
махаббатпен жүргізсеңіз, ерте ме, кеш пе адам мін-
детті түрде бай болады.
Талай сөздің төрелігін айтып, шешендігінің 
арқасында күрмеулі істің шешімін 
тапқан Төле би өз заманында 
«Кәсіп болмай нәсіп болмас» 
деп кәсіпкерліктің пайдасын 
пайымдап кеткен екен. Иә, расында да бүгінгідей 
нарықтық заманда жеке кәсіп ашып, шаруаның 
шырайын келтірмесеңіз бір жалақыға жалтақтап 
отыру тиімсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет