А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет186/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Биологиялық көптүрлілік
белгілі бір аймақта тіршілік ететін 
өсімдіктер, жануарлар және т.б. ағзалардың түр санын көрсетеді. Жер 
жырту, ормандарды жою, қалалар мен қолдан жасалған экожүйелердің 
санының өсуі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи тіршілік орталарын 
қысқартады.
Бұдан басқа соңғы 150 жылдың ішінде адамзат жануарлардың көп 
түрін жойып жіберді. Олар: Пржевальск жылқысы, тарпаң, су сиыры, 
америкалық кептер және т.б. көптеген түрлер. 
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша табиғатта кез келген ағзалар-
дың түрлері бір-ақ рет пайда болады. Егер бір түр жойылып кететін болса, 


240
ол қайта қалпына келмейді. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүние-
сін сақтау әрбір адамның міндеті болып табылады. Дүниежүзінің көптеген 
мемлекеттерін алаңдатқан бұл мәселе 
Биологиялық­ алуантүрлілік­­
туралы­ Конвенцияның
(Рио-де-Жанейро, 1992 ж.) жасалуына түрткі 
болды. Әр түр біздің экожүйенің бір бөлшегі болып табылады. Бір түрдің 
жойылуы сол түрмен байланысты екінші бір түр санын қысқартып, 
экожүйедегі тұрақтылыққа әсер етеді. 
Дүниежүзілік тұқым
банкі
2008 жылы Шпицберг (Норвегия) аралын-
да құрылған. Оның негізгі мақсаты – жаһандық апат болған жағдайда 
өсімдіктердің жабайы түрлері мен мәдени іріктемелерінің генетикалық 
әртүрлілік ақпаратын сақтап қалу. Адамзаттың оны қайта жаңғыртуға 
мүмкіншілігі болуы үшін құрылды. 
Осы бірегей нысанның құ ры луына 2004 жылы өсімдіктердің 
генетикалық ресурстары туралы Халықаралық шартқа қол қою себеп 
болған. 
Сақтағыш сейф – ұзындығы 120 метр болатын жерасты тоннель. Онда 
үнемі –18
о
С температура тұрақты сақталады. Тұқымдар герметикалық 
контейнерлерде орнатылған арнайы қапшықтарға салынып, сөрелерде 
сақталады. Өсімдіктердің әр түрінің тұқымдар топтамасы 50 данадан 
тұрады. Қазіргі кезде ол жерде жарты миллиондай тұқым сақталуда. 
Жалпы 4,5 миллиондай тұқым сақтауға орын жетеді. Тұқымдарды 
сақтаудың ресми жарамдылық мерзімі – 10000 жыл. Қандай да бір се-
бептермен нысанның құрылғысы істен шығып қалса, мәңгі жерасты тоң 
температураның қатты өзгеруіне жол бермейді. 
Әр елдің ғалымдары тұқым банкіне ең құнды бірегей өсімдіктердің 
тұқымдарын жіберген.
Өсімдіктер тұқымының ең ескі генетикалық банкі Ресей де (Санкт-
Петербург) Н.И. Вавилов атындағы Өсімдік ша руа шы лығы ҒЗИ-да 
орналасқан. Топтамада 324 мың үлгілер бар. Бидайдың 45 мың және 
жүгерінің 15 мың іріктемесі және т.б. 
Ресейлік топтамада норвегиялық дүниежүзілік банкке қарағанда 
өсімдіктердің жабайы түрлерінен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің 
тұқымдары көп және оларды дүниежүзінің селекционер лері белсенді 
қолданады. Ғалымдар оларды қолдану үшін тұқымдарды үнемі 
институттың эксперименттік станцияларында егеді. Жылына мыңдаған 
сұраныстармен тұқымдарды әлемнің әртүрлі мемлекеттеріне жіберіп оты-
рады. Топтамада жиналған барлық іріктемелер мен түрлердің үлгілері 


241
қол тимейтіндей етіп тоңазытқыштарда сақталады. Бірақ олардың шығу 
тегін жоғалтпас үшін ұрпақтары үнемі өсі ріліп, өздігінен жаңыртылып 
отырады. ленинград қор шауда қалған кезде институттың қызметкерлері 
өздері аш қал ғанына қарамастан, салмағы бірнеше тонна болатын тұ-
қымдар топтамасын сол қалпында сақтап ерлік көрсеткен (институттың 
28 қызметкері).
Тағы да бір үлкен сақтағыш – Ұлыбританияда (Батыс Сус секс), 
ондағы сақтау шарты Дүниежүзілік тұқым бан кіне ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет