А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет8/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бұлшық ет ұлпасы
ұзынша келген (талшықтардан) 
миоциттер-
ден
тұрады. Миоциттер өседі, бірақ олар жарақат алған кезде ғана 
(кесіп алғанда) көбеюге қабілетті. Бұлшық ет ұлпасына тән қасиет 
– жиырылғыштық. Бұлшық ет ұлпасы 2 топқа бөлінеді: 
көлденең­
жолақты
және 
бірыңғай­ салалы
бұлшық еттер (8-сурет). 
Қаңқа
мен 
жүректің­ бұлшық­ еттері
көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан 
тұрады. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті сүйекке бекініп, ағзаны 
қозғалысқа келтіреді. Жүрек бұлшық етінің жасушалары бір-бірімен 
өзара бірігіп тұтасып кеткен. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары 
асқазан, тікішек, қуық, ірі қан тамырлар және т.б. іші қуыс мүшелердің 
адам еркінен тыс жиырылуын қамтамасыз етеді. Оның жасушалары бір 
ядролы және қажымайды.
Жүйке ұлпасы
жүйке жасушаларынан түзілген. Одан ми, жұлын 
және ағзадағы бүкіл жүйелер тұрады. Жүйке ұлпасында жасушалардың 


12
2 түрі бар. 
Нейрондар
– жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Қосалқы 
жасушалары – 
нейроглия
немесе 
глия­
(серік-жасушалар). Олардың саны 
едәуір басым. Глиальды жасушалар нейрондарды қоршап, қоректік, 
қорғаныштық қызмет атқарады.
Әрбір нейрон дене және өсінділерден тұрады (9-сурет). Қысқа 
тармақталған өсінділер – 
дендриттер
– жүйке импульсін жасуша 
денесіне өткізеді. Ұзын өсіндісі біреу, оны 
аксон
деп атайды. Ол импульсті 
жасуша денесінен өткізеді. Дендриттер мен жасушаның денесі мидың 
сұр­ затын
, ал аксон 
ақ­ затты
түзеді. 
Жүйке ұлпасының жасушасы 
көбеймейді, бірақ өсуге және «тармақталуға» қабілетті.
9
-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет