Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет185/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Пәннің оқыту әдістері.
Ядролық процестердің механизмдері мен 
ядролық күйлердің кванттық сипаттамаларын анықтауға бағытталған 
корреляциялық тәжірибелер, түрлерді идентификаиялау әдісі мен ядролық 
бөлшектердің энергиясын анықтау.
 Пәннің нысандары.
Ядролық материяның жаңа қасиеттерін зерттеудегі 
тәжірибелік ядролық физика әдістерінің мүмкіндіктерін көрсететін мысалдар 
қарастырылады. 
Пәннің рөлі:
Әр түрлі нұр тіркегіштерінен алынған бірінші ретті 
тәжірибелік ақпараттарды өңдеу әдістері мен талдау. Ядролық материяның 
жаңа қасиеттерін зерттеудегі ядролық физиканың тәжірибелік әдістерінің 
мүмкіндіктерін көрсететін мысалдар қарастырылған. 
Пән ғылымына қысқаша тарихи шолу.
1896 жылы француз физигі А. 
Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты: ол уран тұзы қандай да бір сәуле 
шығаратынын анықтады.
Механикалық, термиялық және басқа да сыртқы әсерсіз-ақ, ядро өздігінен 
ыдырап радиоактивті сәуле шығарады және бөліну нәтижесінде түрленіп жаңа 
элементтің ядросы пайда болады. Өздігінен ыдырау процесінде α-бөлшектер 
ядродан ұшып шықса, оны альфа-ыдырау деп атайды. Ядро, өзінің электр 
зарядын бір заряд бірлігіне өзгертуі, яғни нейтронның протонға немесе 
протонның нейтронға айналуы арқылы тосын ыдырайды. Осы процесс ядродан 
электронның немесе позитронның (оң заряды бар электрон) ұшып шығуымен 
қабаттаса өтеді, оны бета-ыдырау дейді. Гамма сәулелер – электромагниттік 
сәулелер. 
Бір жыл ертерек Рентген «Х-сәулелер» деп атаған сәуле ашты. Ол да 
электромагниттік болып шықты.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Ядролық физика зерттеу нысандары.
Ядроның құрамы. Ядроның электрлік және бариондық зарядтары. 
Изотоптар мен изобарлар. Ядроның массасы. Массалық сан. Ядроның байланыс 
энергиясы. Меншікті байланыс энергиясы. Киелі сандар. Ядроның спині мен 


магнит моменті. Шмидт моделі. Ядроның квадрупольдік моменті. Толқындық 
функция. Ядроның күйлерінің жұптылығы. Жұптылықтың сақталуы. 
Ядролардың статистикасы. Бозондар мен фермиондар. Паули тыйымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет