Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет195/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Қозғалатын зарядтар өрісі 
Кешігетін потенциалдар. Лиенар-Вихерт потенциалы. Кешігетін 
потенциалдардың спектрлік таралуы. Екінші ретті мүшелеріне дейінгі 
дәлдікпен Лагранж функциясы.
 
Электромагниттік толқындардың сәулеленуі 
Алыс қашықтықтағы зарядтар жүйесінің өрісі. Дипольдік сәулелену. 
Соқтығысу кезіндегі дипольдік сәулелену. Аз жиіліктегі тежелу сәулелері. 
Кулондық әсерлесу кезіндегі сәулелену. Квадрупольдік және магнитті-
дипольдік сәулелену. Магнитті-тежегіш сәулелену. Сәулемен тежелу. 
Релятивистік жағдайдағы сәулелердің тежелуі. Ультрарелятивистік жағдайда 
сәуленің спектрлік таралуы. Еркін зарядтармен шашырау.
Гравитациялық өрістегі бөлшек 
Релятивистік емес механикадағы гравитациялық өріс. Релятивистік 
механикадағы гравитациялық өріс. Қисық сызықты координаталар. Уақыт 
аралықтары мен қашықтықтары. Гравитациялық өрістегі бөлшектер қозғалысы. 
Тұрақты гравитациялық өріс. Айналу.
Гравитациялық өріс теңдеуі 
Қисықтық тензоры. Қисықтық тензорының қасиеттері. Гравитациялық 
өріс үшін әсер. Энергия-импульс тензоры. Эйнштейн теңдеуі. Гравитациялық 
өрістің энергия-импульс тензоры, синхронды санау жүйесі. Эйнштейн 
теңдеуінің дәптерлік көрінісі.
Тартылатын денелер өрісі 
Ньютон заңы. Орталық-симметриялық гравитациялық өріс. Орталық-
симметриялық гравитациялық өрістегі қозғалыс. Сфералық дененің 
гравитациялық коллапсы. Тозаңдас сфераның гравитациялық коллапсы. 
Сфералық емес және айналмалы денелердің гравитациялық коллапсы. Денеден 
алыс гравитациялық өріс. Екінші жуықтаудағы денелер жүйесінің қозғалыс 
теңдеуі.
Гравитациялық толқындар 
Бұрмаланған уақыт-кеңістігіндегі әлсіз гравитациялық толқындар. Күшті 
гравитациялық толқын. Гравитациялық толқындардың сәулеленуі.
Релятивистік ғарышнама. 


Изотропты кеңістік. Жабық изотропты модель. Ашық изотропты модель. 
Қызыл жылжыту. Изотропты әлемнің гравитациялық беріктілігі. Біртекті 
кеңістік. Жазық анизотропты модель. Ерекше нүктеге жуықтаудың тербелмелі 
режимі. Эйнштейн теңдеуінің жалпы космологиялық шешіміндегі уақыт 
бойынша ерекшелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет