Пән мақсатына жету дәрістерді оқу мен зертханалық сабақтарды жүргізу
арқылы жүзеге асады. Дәріс барысында оқылатын пәннің іргелі заңдылықтары,
негізгі түсініктері айтылады, альфа, бетта, гамма нұрлар және нейтронды
детекторлар
(ионизациялық
тіркегіштер,
Черенков
санағышы,
сцинтилляциялық және жартылай өткізгішті тіркегіштер) қарастырылады.
Зертхана сабақтарында ядролық әдістерді қолданатын құрылғылармен
жұмыс істеу дағдылары қалыптасады және оның қолданбалы салаларда
пайдалануы; есептерді шығару әдістері; тәжірибелік жұмыстарды істеу әдістері
және ядролық нұрларды тіркеу бойынша физикалық практикум жүргізу
қарастырылады.
Пәнді оқытудың міндеттері
-
әртүрлі әдістер мен құрылғылар арқылы иондайтын сәулелерді
тіркеуді үйрету;
-
ядролық нұрларды тіркеу бойынша әртүрлі принциппен жұмыс
істейтін құрылғыларды пайдалануды үйрету;
-
радиациялық нұрлар көздерін; оларды өлшеу және сандық баға беру
әдістерін оқып уйрету.
Осы пәннің зерттеу
обьектісіне
атом ядросы және элементар бөлшектер,
альфа, бетта, гамма нұрлар жатады.
Бұл пәнді оқу
әдістеріне
тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: