Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»


Термодинамиканың бірінші бастамасы



Pdf көрінісі
бет45/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

 
Термодинамиканың бірінші бастамасы 
Термодинамиканың зерттеу кешені. Термодинамиканың негізгі заңдары 
(термодинамиканың 
бастамалары) 
бақыланатын 
құбылыстардағы 
энергияның өзгерісімен бірге жүретін процестерді жалпылау. Күй 
функциялары. 
Термодинамиканың 
нөлдік 
бастамасы. 
Температура. 
Термодинамиканың бірінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. 
Термодинамиканың 
бірінші 
бастамасы 
бірінші 
текті 
мәңгілік 
қозғалытқыштарды жасалуына тиым салады. Ішкі энергия - күй функциясы. 
Жұмыс процестің функциясы. Термодинамикадағы жұмыс және жылу ішкі 
энергияның өзгеру түрі. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Әртүрлі 
процестердегі 
термодинамикалық 
жүйенің 
жылусиымдылығы. 
Жылусиымдылықтардың 
арасындағы 
байланыс 
және 
идеал 
газ 
молекулаларының 
еркіндік 
дәрежелері 
арқылы 
өрнектелінуі. 
Жылсиымдылықтың классикалық теориясының кемшіліктері. Кванттық 
жылусиымдылық теориясы туралы түсінік. Термодинамиканың бірінші 
заңын және идеал газдың күй теңдеуін изобаралық, изохоралық, изотермдік 
және адиабаталық процестерді сипаттауға қолдану. Жүйенің бір күйден 
екінші күйге өту кезіндегі жүйенің ішкі энергиясының, істелінген 
жұмыстың, алынған жылу мөлшерінің өсімшесін анықтау. Әртүрлі 
координатадағы процестердің графиктері. Жұмыстық диаграмма, жылулық 
диаграмма. 
Политроптық 
процесс. 
Политроптық 
процестің 
жылусиымдылығын политропа көрсеткішінің функциясы арқылы өрнектеу.


Термодинамиканың екінші бастамасы 
Циклдық процестер. Циклдың жұмысы. Карно циклы. Карно 
циклының пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК). Мұздатқыш машина және 
қыздырғыш. 
Карно 
теоремалары. 
Клаузиус 
теңсіздігі. 
Энтропия. 
Термодинамиканың 
екінші 
бастамасы. 
Кельвин 
тұжырымдамасы. 
Термодинамиканың екінші бастамасының Клаузиус берген тұжырымдамасы. 
Термодинамиканың екінші бастамасының басқа тұжырымдамалары және 
олардың өзара сәйкестігі. Термодинамиканың екінші бастамасы екінші текті 
мәңгілік 
қозғалытқыштарды 
жасалуына 
тиым 
салады. 
Техникада 
циклдардың қолданылуы. Идеал газдың энтропиясы. Изопараметрлік 
процестердегі энтропияның өзгерісі. Тұйық жүйелердегі энтропияның өсу 
заңы. Қайтымсыз процестердегі энтропияның өзгерісі. Термодинамиканың 
екінші бастамасының статистикалық сипаты. Негізгі термодинамикалық 
теңдіктер. Термодинамикалық функциялар туралы түсінік. Максвелл 
қатынастары. Қайтымсыз процестер термодинамикасы туралы түсініктер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет