да соңғы он жылдықта физиканың басқа саласында оптика қарқынды дамуда.
Осыған дәлел – оптикада жаңа бағыттардың пайда бола бастауы: лазерлер
физикасы, бейсызық оптика, талшықты жарық түтіктері физикасы, оптикалық
электроника (ақпаратты берудің және сақтаудың оптикалық әдістері), бейнені
өңдеудің заманауи әдістері. Мәселе тек екінші дәрежелі рөл атқаратын
фундаменталды ғылым үшін оптиканың маңызды техникалық қосымшалар
жайында ғана емес.
Оптикада ғана физиканың принциптік және дискуссиялық сұрақтарын
тәжірибелі түрде зерттейді. Мұнда физиканың ең негізгі қарастырылып
жүрген зерттеуге және миллиард жылдар анықталмай жүрген Бүкіл Әлемдік
объектілерді бақылауға мүмкіндік береді: олар – жеке атомның жарықпен
әсерлесу процестері, осындай өзара әсерлесу құбылысының бейсызық
моделін жасаудың жаңа тобы – жарықтың затпен когерентті әсерлесуі.
Классикалық геометриялық және физикалық оптика (оқулықта
баяндалатын) қолданбалы физика бөлімдерінің бүгінде үлкен бөлігі. Мұнда
негізінде жаңа оптикалық технологиялар мен өлшеудің оптикалық әдістері
және әртүрлі технологиялық процестерді бақылаулар жасалуда. Осылайша,
оптика мәселелерімен жұмыс істейтін физиктердің көбін жарықтың табиғаты
туралы сұрақ алаңдатпайды. Олар жаңа жүзжылдықтың маңызды
технологияларын дамытуда.
Оптиканың көрінісін өзгерткен маңыздылық - лазерді жасау және
лазерлік технологиялардың дамуы; ғылымға компьютерлік технологияларды
кең түрде енгізілуі – компьютерлік өлшеу және модельдеу әдістері;
көпэлементті фотоқабылдағыштарды, кристалдық жартылай өткізгіштік ЗБҚ
матрицаларын (заманауи фотоқабылдағыш матрицаларда бірнеше миллион
фотодиодтар бар және көбінде көздің ішкі қабығына ұқсас болып келеді);
талшықты жарық арналарын аса таза кварцтық шыныдан алу – олар
оптикалық дабылдарды бірнеше ондаған километрге талшықты оптикалық
байланыстарды беруге мүмкіндік береді; ақпаратты өңдеудің оптикалық
әдістерінің – оптоэлектрониканың дамуы.
Оптикада процесс зерттеушінің толығымен жаңа бұрын қол жетпеген
жетістіктерді беретін зерттеудің тәжірибелік әдістерімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: