“ Техникалық сараптама түрлері ”
Техникалық аудит жүргiзу, өтiнiш берушiлердiң (лицензияға
талапкерлердiң) мамандандырылған және ерекше күрделi жұмыстар
(қызмет көрсетулер) түрлерiн жүзеге асыру кезiнде заңдарда белгiленген
тәртiппен талаптар мен ережелерге сәйкестiгiн растайтын құжаттарды
(материалдарды) қарау және оларға сараптама жүргiзу, сондай-ақ
лицензиаттардың оларды сақтау жөніндегi қызметiн бағалау үшiн
лицензиар заңдарда белгiленген тәртiппен сараптаманы жүзеге асыруға
құқық беретiн лицензиясы бар тiркелген жеке немесе заңды тұлғалар
тартуы мүмкін.
Бас лицензияны иеленушiге қойылатын бiлiктілiк талаптарына
лицензиаттардың сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды,
ақпаратты) лицензиарға:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын,
бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегi жұмыстарды жүзеге
асыратын заңды тұлғалар - жыл сайын;
2) жобалау-іздену және сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды
тұлғалар - үш жылда кемiнде бiр рет;
3) жеке тұлғалар - бес жылда кемiнде бiр рет табыс етiп отырады.
Сәулет-құрылыс бақылауын:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
2) өздерiнiң бақылау-қадағалау өкiлеттiктерi шегiнде жергiлiктi сәулет
және қала құрылысы органдары;
3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға
қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;
4) құрылысқа авторлық қадағалау енгiзу жолымен жобалық құжаттаманы
әзiрлеушiлер;
5) жұмысшылар, қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссиялары
жүзеге асырады.
Бас лицензияны иеленушiге қойылатын бiлiктілiк талаптарына
лицензиаттардың сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды,
ақпаратты) лицензиарға:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын,
бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегi жұмыстарды жүзеге
асыратын заңды тұлғалар - жыл сайын;
2) жобалау-іздену және сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды
тұлғалар - үш жылда кемiнде бiр рет;
3) жеке тұлғалар - бес жылда кемiнде бiр рет табыс етiп отырады.
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы Қазақстан Республикасының
аумағында өндiрiстiк және өндірiстiк емес мақсаттағы объектiлер
құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан мыналар бақылау
жасауға жатпайды:
1) сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақта немесе iске асыру кезiнде
арнаулы жобалық шешiмдер мен iс-шараларды талап ететiн өзге де ерекше
геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларда
салынған құрылысты қоспағанда, жеке тұрғын үйлер құрылысы;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серiктестiктерiнiң
учаскелерiнде орналастырылатын уақытша құрылыстар, сондай-ақ
маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшiн тұрғын
және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
3) қосымша жер учаскесiн (аумақтың телiмiн) бөлiп берудi талап етпейтiн,
тiреу конструкциялары, инженерлiк жүйелер мен коммуникациялар
келтiретiн өзгерiстерге байланысы жоқ, сәулеттiк-эстетикалық, өртке
қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын,
пайдаланылған кезде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн тұрғын және
тұрғындық емес үй-жайларды тұрғын ғимараттар (үйлер) етiп
реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
4) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан
күрделi емес басқа да құрылыстардың өзгерiстерi.
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылыстың басталуына)
рұқсат беру (рұқсат беруден негiздi бас тарту) және өтпелi құрылыстар
бойынша жыл сайын олардың мерзiмiн ұзартып отыру;
2) салынып жатқан (салынбақшы болып белгiленген) объектiлердiң
мониторингi және Қазақстан Республикасының аумағында салынып
(реконструкцияланып, кеңейтiлiп, жаңғыртылып, күрделi жөндеуден
өткізiлiп) жатқан объектiлер мен кешендердiң барысына және сапасына
мемлекеттiк бақылау жасау;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен құрылыс объектiлерiн пайдалануға
қабылдау жөніндегi комиссияның жұмысына қатысу;
4) жойылмайтын жолсыздықтарға жол берген не жол берiлген
жолсыздықтарды белгiленген нормативтiк мерзiмде жоймаған заңды және
лауазымды тұлғаларға қатысты заңдарда белгiленген шараларды қолдану
жүктеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |