«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен


)Батыс Қазақстан территориясы Ноғай ордасы құрамында



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих

22)Батыс Қазақстан территориясы Ноғай ордасы құрамында 
Алтын Орда ыдырап, Ак Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген 
мемлекеттік кұрылымдардың бірі - Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы ХІІІ ғ екінші 
жартысында бөлектене бастады. Бұл процесс XIV ғ әмір Едіге тұсында жалғасып, оның 
баласы Нураддиннің (1426 - 1440) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасы Еділ мен 
Жайықтың арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді 
мекендеді. 
Орталығы Еділдің төменгі бойында немесе Сарайшық (Жайық) 
ауданында болатын. Шығысында ноғайлар Жайыктың сол 
жағалауы бойында көшіп жүрді, олардың көшіп жүретін жерлері солтүстік-шығысында 
Батыс - Сібір ойпатына дейін, солтүстік - батысында Казанға дейін, оңтүстік - 
батысында Арал теңізі мен Каспий өңірінің солтүстігне дейін жететін, ал кейде олар 
Маңғыстау мен Хорезмге барып жүретін. Ноғай Ордасы негізінен Жайық пен Еділ 
арасын жайлаған негізгі тайпа маңғыттардан тұрды, сол себепті де бұл ұлыс «Маңғыт 
жұрты» деп атанды. «Ноғай», «ноғайлыктар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер 
әдебиетте алгашқы рет тек XVI ғ басында ғана пайда болды. 
Сонымен қатар Ноғай Ордасының құрамына қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, 
қыпшақ, кенгерес, қарлұқ,алаша, тама 
және басқа ру тайпалар кірді. XIV ғ аяғында саяси аренага шығып Ноғай Ордасының 
негізін қалаған Едіге 1396 - 1411 жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз 
қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді. 
“Беклер бегі» ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де 
ықпал етіп отырған. Клавихоның айтуына қарағанда, «Едіге өз Ордасында екі жүз 
мыңнан астам атты әскерді ұдайы ұстаған». Едіге түрік тектес халықтардың тарихи 
зердесінде өшпес із қалдырды. «Ел қамын жеген Едіге» деп ардақтаған халық оның 


тұлғасын: «Артынан келіп қарасам, қаһардан пайда болңандай, алдынан келіп қарасам, 
лапылдан пайда болғандай,» 
- деп 
сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва - Польша әскері мен Тевтон ордені 
рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 ж. Едіге орыс 
әскерлерін талқандап, Мескеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның 
есімі тарихи шежіре жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталды.Ноғай 
Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын мәнінде Едіге ұрпағы 
маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға 
қалдырып отырды. Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктердің аумақтарында
Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпак 
қтарының келісімінсіз жарамсыз деп танылатын дәстүр болған.Шығыс Дешті 
Қыпшақтың саяси өмірінде XV ғ Едігенің ұрпақтары маңызды рөл атқарды.Ол 
алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен 
қазақтарды “Екі туысқан орда” деп атаған. Мұндай қатынастар кейінде ,мәселен, 
“Қазақтар мен ноғайлардың ханы аталатын Хақназар хан тұсында да сақталды.XV ғ 
Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық қатынасы дами бастады.15 
ғ екінші жартысында Астрахань мен Казан хандықтары Ресейдің қол астына өтуінен 
кейін Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті,оның ыдырау процесінде 
халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді,Солтүстік шығыста тұратын ноғай рулары 
Сібір иеліктеріне қарап кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет