Құрғақ пробиркаға мыс (ІІ) ұнтағын салып, бірнеше тамшы су қосамыз. Реакцияны бақылап, түсінің өзгеруін
түсіндіреміз. Тұз ерігенше дистилденген су қосамыз. Алған ерітіндімізді келесі тәжірибеде пайдаланамыз.
4. Комплексті қосылыстың түзілуі.
Алдыңғы тәжірибеде алынған мыс купоросын 90
0
С –қа дейін қыздырамыз. Одан кейін ерітіндіге натрий
хлоридінің кристалын түсі өзгергенше қосамыз.
5. Мыс (ІІ) акваамино кешенінің түзілуі.
Мыс (ІІ) сульфатының қаныққан ерітіндісіне тамшылатып аммиак ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Түсінің
өзгеруін түсіндір.
6. Мыс (ІІ) иодидін алу.
Мыс тұзының ерітіндісіне калий иодидінің ерітіндісін қосу. Түсі өзгеріп, тұнба түзілгенше натрий
тиосульфатын қосамыз. Реакция теңдеуін жазамыз.
7. Мыс (II) гидроксидін алу.
Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып жақсылап араластырып, қыздырамыз. Тұнба түзілуін
түсіндіреміз. Реакция теңдеуін жазамыз?
8. Мыс (II) комплексті қосылысын алу.
3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісіне екі тамшы K
4
[Fe(CN)
6
] ерітіндісін қосамыз. Қызыл-қоңыр тұнба
түзілуін байқаймыз. Тұнбаны сүзіп, кішкене кептіріп 3-4 тамшы аммиак ерітіндісін қосамыз. Құбылысты байқап,
реакция теңдеуін жазамыз.
Достарыңызбен бөлісу: