кенорнын игерудің технологиялық сұлбасын ескеру керек;
·
зерттеулерге таңдап алынған кенорны бірге игеріліп жатқан
кенорыннан 10-15 км кем емес қашықтықта орналасуы тиіс;
· зерттеу нысаны мұнай өндіретін ауданда кенорнын игеретін
ұйыммен анықталуы керек.
Геодинамикалық полигонды ұйымдастыру үшін келесі материалдар
болу керек:
· ғарыштық, магниттік және гравиметриялық түсірістердің
мәліметтері бойынша кенорынның құрылымдық элементтері
енгізілген геологиялық картасы. Геологиялық сипаттамасымен
профиль сызықтары бойынша жер бетіне дейінгі қималар;
· жобалық және белгілі бір ұңғымалардың сипаттамасымен
кенорнын игерудің картасы;
· пайдалы қазбаларды және сұйықтарды өндіру туралы әр жыл
бойынша мәліметтер, сонымен бірге кенорынды игеру басталғаннан
бергі пластық қысымның сипаттамасы;
· кенорынның құрылымының 1:2000 және 1:10000 масштабтағы
маркшейдерлік пландары мен топографиялық карталары;
Нивелирлік сызықтардың торлары кенорынның бойлық
өсімен және бірнеше көлденең қиылысатын
профильдердің жүйесі түрінде дамиды. Барлық
сызықтардың соңында тірек реперлері орнатылады.
Нивелирлеу пункттері жобаланған профильдердің
бойымен орта есеппен алғанда бір–бірінен
500 м
қашықтықта орналастырылады.
Геодинамикалық полигонын құру процесі кезінде басты
шешілетін мәселе, қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан
аймақта зерттелетін деформациялар қатысты
тексерілетін бірнеше тірек пункттерін орналастыру.
Кенорынның шекарасы мен техногендік процестердің
Достарыңызбен бөлісу: |