38) Қай ағзаның суреттегі дененің көлденең қимасы берілген?
А) Гидра
B) Шұбалшаң
C) Аскарида
D) Сұлама
39) Төмендегілердің қайсысы буылтық құрттарға тəн?
A) Метамерия
B) Біріншілік дене қуысы
C) Жабық қанайналымы
D) Екіқабатты
40) Сегізаяқ былқылдақденелілердің қай классына жатады?
A) Бауыраяқтылар
B) Басаяқтылар
C) Қосжақтаулылар
D) Сегізаяқтылар
41) Былқылдақденелілердің радуласы қандай функцияны орындайды?
A) тағамның механикалық қорытылуы
B) сезім мүшелерінің жиналу орны
C) Тепе-теңдік
D) Көбею
42) Буынаяқтылар өкілдері туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
A) өрмекшілерде жүрек ішектің үстінде болады
B) кенелерде тескіш-соратын аппарат болуы мүмкін
C) өрмекшітəрізділердің бөліп шығару жүйесі-мальпигиялық тамырлар
D) шаяндарда 8 жұп аяқ бар
43) Мұның қайсысы үйректұмсықтарға қатысты дұрыс?
A) олар тірі туатындар
B) оларда нəрестелерді тамақтандыруға арналған емізік жоқ
C) олар құстар класына жатады
D) Африка аумағында таралған
44) Құстардың ұшуға бейімделгенін қандай белгі көрсетеді?
A) төрт камералы жүректің пайда болуы
B) аяқтардағы мүйізді қалқандар
C) қуыс сүйектердің болуы
D) құйымшақ безінің болуы
45) Сиырдың қорытылуы үшін тағам қандай жол жүруі керек? Сиырдың асқазан бөлімдерінің
дұрыс реттілігін таңдаңыз.
A) Тазқарын -> жұмыршақ -> жалбыршақ -> ұлтабар
B) Тазқарын ->жалбыршақ ->жұмыршақ ->ұлтабар
C) жалбыршақ ->тазқарын -> жұмыршақ ->ұлтабар
D) жалбыршақ ->жұмыршақ --тазқарын->ұлтабар
Достарыңызбен бөлісу: