П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет164/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

II бөлім. Дидактика
Оқытудың қолайлылығы үстанымы 
оқушылардың даму ерекшелік- 
терінің есепке алынуын талап етеді; мүмкіндіктерінше олардың көзқарастары- 
мен материалды талдауды талап етеді; оқушылар ешқандай интеллектуалды, 
моралды және денесі жағынан қиын жүктеме болмайтын оқыту үйымдастыруды 
талап етеді. Кезінде Я.А.Коменский осы үстанымның бірнеше ережелерін берген:
- оқуда өзіңе жақыннан бастап (өз өлкеңнің тарихы) алысқа (жалпы тарих) 
көшу керек;
- жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу.
Оқушылардың жасына және дайындалу деңгейіне сәйкес келмейтін оқу 
материалы олардың тез жалығуына, оқуға деген мотивациялық көңілдерінің, 
жүмыс қабілеттерінің төмендеуіне, ерік-жігерінің жоғалуына әкеліп соғады. 
Нәтижесіңде оқшының жүмысқа ынтасы жоғалады. Бірақ оқу қүралдарын, жат- 
тығуды тым жеңілдеіу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді, 
дамуын тоқтатады. Бүл В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың дидактикалық жүйеле- 
рінде экспериментті және теориялық түрғыдан дәлелденген. В.В. Давыдов 
мынандай түжырымға келді: бастауыш мектептен бастап-ақ оқытудың жақын 
және жеңіл жолын таңдамау керек, керісінше, жалпыдан және ең негізгіден 
бастау керек.
Л.В.Занков ең қиын деңгейдегі оқыту үстанымын енгізді. Бірақ ол да 
қолайлылық үстанымына сәйкес, себебі жақындағы даму аймағында оқыту 
және үлкеннің басқаруымен қолы жеткен деңгейде оқыту арқылы оқушы 
жақын аймақтағы дамуға мүмкіндік алады.
Қорыта келгенде, оқушының әр түрлі жаттығуларды орындау барысында 
үшырасатын қиындықтар мен қолайсыздықтар оқу қүралының мазмүнының 
қиындығына, оның тәсілдік қүрылымына, сипаттамасына, мүғалім арқылы 
үйымдастырылған оқушылар әрекетінің қүрылымына байланысты.
Көрнекілік үстанымы 
дидактикадағы маңызды және көне үстанымның 
бірі. Көрнекілік үстанымы - ол оқытудың нәтижелілігі сезім мүшелерінің оқу 
материалын қабылдауға және өңдеуге орынды назар аударғанына байланысты 
деген мағына береді. Дидактиканың бүл «алтын ережесін» Я.Коменский түжы- 
рымдаған болатын. Балаларды оқыту үрдісінде оларға бақылауға, өлшеуге, 
тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беру керек және осы арқылы білімдерге жетелеу 
қажет. Егер педагогикалык, үрдістің барлық кезеңдерінде нақты заттарды 
беруге мүмкіндік болмаса, онда көрнекілік қүралдары қолданылады: моделдер, 
суреттер, лабораториялық жабдықтар, т.б.
Көрнекіліктің түрлерін, Т.А. Ильинаның түжырымдамасы бойынша, мы­
надай бөліктерге белуге болады:
- табиғи көрнекілік (объективті шыңдық заттары);
- тәжірибелік көрнекілік (тәжірибелер, эксперименттер);
- көлемді көрнекілік (суреттер, мүсіндер);
- дыбыстық көрнекілік (магнитофон);
-символдық және графикалық көрнекілік (карта, графиктер, сызбалар, 
формулалар);
- ішкі көрнекілік (мүғалімнің айтқанынан пайда болған бейнелер).
Бірақ көрнекілікті қолданудың да өз шектері бар. Корнекілік бастапқы 
білімнің қалыптасуына және ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Заттар- 
мен жүмыс және оларды көрсету дамудың кезектегі сатысына әкеліп, нақты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет